«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының 2013 жылғы 11 сәуірдегі Қамқоршылық кеңес шешімімен ақпараттық технологиялар саласындағы бірыңғай операторы ретінде «Білім беру ресурстары орталығы» жеке мекемесі, қазіргі уақыттағы - NIS Ақпараттық технологиялар орталығы бекітілген. Қазіргі таңда аталынған ұйым ДББҰ-ын және оның бөлімшелері мен еншілес ұйымдарын заманауи бағыттарға сәйкес кең спектрлі ақпаратты-технологиялық қызметпен қамтамасыз ететін Орталық болып отыр. Сонымен қатар, 2018 жылдың ақпан айындағы қайта ұйымдастыруға дейін бұл орталық оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер және сандық білім беру ресурстарын әзірлеумен айналысқан.
Орталық қызметінің бағыттары:
- Озық технологияларды қолдана отырып ДББҰ-ның бизнес-үдерістерін, сонымен қатар Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесіне таратуды автоматтандыру.
- ДББҰ-ның ақпараттық кеңістігін үздіксіз дамыту және қолдау.
Орталықтың қызметінің қосымша бағыты – Зияткерлік мектептерде ақпараттық технологияларды қолдана отырып, жүзеге асырылатын жобаларды қолдау және дамыту болып табылады.
Мекенжайы: Астана қ., Хусейн бен Талал көш., 21/1 үй
Тел.: +7 (7172) 235770
Е-mail: info@c.nis.edu.kz