«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы
2011 жылы 15 маусымда «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Педагогикалық шеберлік орталығы (ПШО) құрылды. ПШО 15 филиалы жұмыс істейді.
Миссия: Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін жетілдіру мақсатында педагогтерді үздіксіз кәсіби дамыту үшін отандық және халықаралық озық тәжірибені, адами және әдіснамалық ресурстарды қолдану.
Пайымдауы: еліміздегі педагогтерді кәсіби дамыту мәселесі бойынша көш бастаушы ұйым болу және халықаралық нарықта білім берудегі қызмет көрсетуді белсенді алға жылжыту.
Педагогикалық шеберлік орталығы қызметінің негізгі бағыттары:
- мектепке дейінгі, орта, арнаулы орта, техникалық әрі кәсіптік және жоғары білім беру жүйесі педагогтерінің біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламаларын әзірлеу;
- біліктілікті арттыру бағдарламаларын іске асыру үшін тренерлерді даярлау;
- Қазақстан Республикасының педагогтерін біліктілікті арттыру курстарында оқыту;
- педагогтерді курстан кейінгі сүйемелдеу және әдістемелік қолдау;
- ғылыми-зерттеу қызметі және мұғалімдердің кәсіби дамуын мониторингілік зерттеу;
- баспа қызметі.
Педагогикалық шеберлік орталығының жетістіктері
ПШО-да әлемдік тәжірибені, үздік халықаралық тәжірибелерді және қазақстандық мектеп қажеттіліктерін ескере отырып әзірленген білім беру бағдарламалары мен жобаларының инновациялық портфелі бар. Қазақстан педагогтерінің кәсіби даму жүйесінде алғаш рет ПШО-ның 11 бағдарламасы ACQUIN (Германия) аккредиттеу, сертификаттау және сапаны қамтамасыз ету институтында сөзсіз сертификаттаудан сәтті өтті.
Барлық біліктілікті арттыру бағдарламаларын әзірлеу алдында әрдайым курстық мониторингілік зерттеу жүргізіледі, оның нәтижелері осы бағдарламалар мазмұнының ғылыми негізін, мақсаттарын, міндеттері мен күтілетін нәтижелерін анықтайды. Білім беру бағдарламалары мазмұнының мұғалімдердің нақты сұраныстарымен үйлесімділігі болашақта мұғалімдердің кәсіби қызметіндегі болып жатқан өзгерістердің сапасын бақылауға әрі басқаруға және олардың кәсіби дамуын болжауға мүмкіндік береді.
Педагогтердің біліктілігін арттыру бірнеше бағыт бойынша жүзеге асырылады:
- педагогтердің пәндік құзыреттіліктерін дамыту
- педагогтердің метапәндік құзыреттіліктерін дамыту
- оқушыларды тәрбиелеу және олардың әл-ауқаты
- менеджмент және көшбасшылық
- мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
ПШО-ның халықаралық деңгейдегі жарқын жетістіктерінің бірі – UNESCO-Hamdan-2020 байқауына қатысуы. Оқытуды жақсарту бағытында жұмыс істейтін әлемнің түкпір-түкпірінен келген 190 ұйымның ішінде Үздік тәжірибелер мен мұғалімдердің тиімділігін арттырудағы жетістіктері үшін халықаралық қазылар алқасы ПШО-ны әлемнің үздік 10 жобасының қатарына қосты.
Халықаралық қазылар алқасының педагогтердің кәсіби дамуындағы академиялық жетістіктері мен ПШО-ның құнды тәжірибесін мойындауы халықаралық мәртебенің сенімді құралына айналды. Мәселен, Еуропалық Одақтың «Түрікменстандағы білім беру жүйесіне жәрдемдесу» жобасымен ынтымақтастық аясында ПШО Ашхабад қаласындағы мектеп пен колледж педагогтерінің және Түрікменстан уәлаяттарының, біліктілікті арттыру орталықтары мен Түрікменстан ұлттық білім беру институтының қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың 9 бағдарламасын әзірлеп, іске асырды. Сондай-ақ ПШО Ханты-Мансы автономиялық округінің (РФ) жалпы білім беретін мектептерінің педагогтері мен «Білімқана» (Қырғызстан) мектептер желісінің педагогтері үшін біліктілікті арттыру курстарын, Өзбекстан президенттік мектептері желісі мен Әзірбайжан ғылым және білім министрлігінің өкілдеріне арналған семинар өткізді.
2015 жылдан бастап ПШО WALS – Дүниежүзілік Сабақты зерттеу қауымдастығы сараптамалық кеңесінің ресми мүшесі (штаб-пәтері Гонконг білім беру институтында орналасқан www.walsnet.org). WALS-қа мүшелік аясында ПШО тренерлері Жапонияның жетекші сарапшы ғалымдарымен бірлесіп халықаралық зерттеулерге қатысады, WALS халықаралық конференцияларында қазақстандық тәжірибені белсенді ұсынады, ел мектептерінде «Lesson Study Kazakhstan» жобасын іске асырады. ПШО тәжірибесі Бейжіңдегі Сараптамалық кеңестің отырысында (2018), Амстердамдағы конференцияның жеке симпозиумдарында (2019) және Куала-Лумпурда (2022) ұсынылды.
Қауымдастықтың атқарушы комитеті Қазақстандағы Lesson Study-ді ілгерілетудің және ауқымды дамытудың тиімді жүйесін жоғары бағалады және Қазақстанның кандидатурасын Астанада WALS–2024 конференциясын өткізу орны ретінде бекітті.
2023 жылдың сәуір айында ПШО «Lesson Study: рефлексивті тәжірибеден тұрақты көшбасшылыққа» I Ұлттық конференциясын өткізді, оған қазақстандық және халықаралық сарапшылар, білім беру ұйымдарының педагогтері өз зерттеулерінің нәтижелерін ұсынды.
2022 жылдың тамыз айында педагогикалық қызметте табысқа жетудің бағдарын құру мақсатында «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» атты Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептерінің жас мұғалімдерінің республикалық форумы өтті. Отандық және шетелдік мектеп білім беру сарапшылары, мотивациялық спикерлер, жас мұғалімдер тақырыптық платформалар мен тренингтерде тандемде жұмыс істеді.
ПШО зерттеулерінің нәтижелері Майндағы Франкфурт (Германия), Нью-Йорк (АҚШ), Мәскеу (РФ) Халықаралық кітап көрмелерінде алтын медальдармен марапатталды. ПШО қызметкерлерінің 20-дан астам ғылыми жұмыстары халықаралық рецензияланатын журналдарда жарияланған.
ПШО «Педагогикалық диалог» журналы V және VI EURASIAN BOOK FAIR Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесіне қатысып, «Ғылым және инновация» номинациясында I (2023ж.) және II (2022ж.) орынды және «Үздік оқу кітабы» номинациясында III (2022ж.) орынды иеленді.
ПШО қызметіндегі маңызды бағыт – педагогтерді курстан кейінгі сүйемелдеу. Курстан кейінгі кезеңде тренер мен тыңдаушылардың өзара іс-қимылы біліктілікті арттыру бағдарламасының міндетті элементі болатын және курстарда оқудың соңғы күнінде топ тренерінің тыңдаушылармен қарым-қатынас матрицасы негізінде жүзеге асырылады. Бір жыл ішінде тренер тыңдаушылардың сабақтарын бақылайды және сындарлы кері байланыс береді, сауалнамалар мен сұхбаттар жүргізеді, жеке және топтық консультациялар ұйымдастырады, мұғалімнің жетістіктері мен аттестаттау нәтижелерін талдайды, мұғалімдердің анықталған қиындықтары бойынша қолдау көрсету семинарлары мен вебинарлар өткізеді. Курстан кейінгі мониторинг және курстан кейінгі іс-шаралардың нәтижелері педагогтің Жеке кабинетінде sdo.cpm.kz платформасында тіркеледі.
Сонымен қатар ПШО тренерлері қазақстандық педагогтерге екі бағытта жүйелі әдістемелік қызмет көрсетеді:
1. Тіркелген серіктес мектеп ұжымдары үшін мектепті каскадты әдіспен оқыту мен басқарудың ең жақсы тәжірибесін көрсететін құрылымдалған мектепаралық қауымдастықтар болып табылатын жетекші мектептер желісі арқылы. Жетекші және серіктес мектеп мұғалімдері ынтымақтастықта жұмыс істей отырып, мектеп тәжірибесінің өзгеруіне әсер ететін жаңа тәжірибе, дағдылар алады. Жетекші мектептердің саны жыл сайын аймақтың басқа мектептерімен серіктестік жүйесінде жұмыс істеуге дайын жаңа мектептерді анықтау есебінен артып келеді.
2. Біліктілікті арттыру жүйесін мектепке жақындату және жергілікті жерлерде мұғалімдерге уақытылы әдістемелік қолдау көрсету мақсатында ПШО дайындаған мектеп тренерлерінің пулы арқылы жүзеге асырылады. Мектеп тренерлері бірнеше бағыта «тең – тең» қағидаты бойынша әріптестерінің кәсіби дамуын ұйымдастыратын мектепішілік әдістемелік актив болып табылады: оқыту мен оқытудың әдістемесі мен технологиялары, өз тәжірибесін зерттеу, бағалау жөніндегі тапсырмаларды әзірлеу, педагогтердің аналитикалық құзыреттерін дамыту.
ПШО 2020 жылдың қаңтар айынан бастап «Шабыт» шығармашылық бағдарламасын іске қосты (https://cpm.kz/ru/projects/shabyt/shabyt), бұл белгілі ғылым, өнер, театр, музыка және кино қайраткерлерінің көпшілік дәрістерінің сериясынан тұрады. Бұл кездесулер дарынды адамның «сәттілік формуласын» түсінуге мүмкіндік береді. Бағдарлама әрбір қызметкерге еліміздің мәдени құндылықтары мен мұраларына үңілуге мүмкіндік береді.
ПШО Facebook әлеуметтік желісінде «Шамшырақ» және «Мектеп тренері» атты екі ашық кәсіби қоғамдастық құрды, онда 45 мыңнан астам мұғалім мен 18 мың мектеп тренері тіркелген, олар өз идеяларымен белсенді бөліседі, сабақтарының, шеберлік сабақтарының бейнематериалдарымен бөлісіп, подкастар орналастырады, мектептердің жас басшыларымен және еліміздің мұғалімдерімен кездеседі.
ПШО электронды ресурстары:
1) www.cpm.kz ПШО ресми сайты
2) ПШО-ның әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары – Facebook: https://www.facebook.com/cpm.official.page және Instagram: https://www.instagram.com/cpm_official_page/
3) www.sdo.cpm.kz біліктілікті арттыру курстарын өткізуге арналған порталы
4) www.online.cpm.kz педагогтердің кәсіби дамуына арналған порталы
5) www.lessonstudy.kz Lesson Study енгізетін педагогтерді қолдауға арналған сайты
6) «Шамшырақ» https://www.facebook.com/ShamshyraqNIS және «Мектеп тренері» https://www.facebook.com/groups/969120163915342 әлеуметтік желідегі педагогтердің кәсіби қоғамдастықтарының онлайн алаңдары
7) «Педагогикалық диалог» журналының сайты https://pd.cpm.kz/kk/tematicheskij-plan/2023