ДББҰ «Назарбаев Зияткерлік мектептері» филиалы «Педагогикалық өлшеулер орталығы» оқушылар мен мұғалімдердің конкурстық іріктеу жүйесін қалыптастыру және оның қызметін қамтамасыз ету үшін, білім сапасын қамтамасыз етуді бағалау, мониторинг және оқыту деңгейлеріне сәйкес зияткерлік мектептер оқушыларының білім жетістіктері мен қорытынды аттестаттау мониторингін қамтамасыз ету мақсатымен 2012 жылдың ақпан айында құрылды.
ПӨО миссиясы – көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасын арттыру мақсатында басқарушылық шешімдер қабылдау үшін зияткерлік мектептерінің білім беру сапасы туралы анық және дәйектi ақпаратты жинап, ДББҰ құрылымдық бөлімшелері мен мектеп филиалдарына жеткізу.
Орталық қызметтерінің бағыттары:
- Бағалау рәсімдерінің әдіснамасын жасап шығару;
- Өлшеу құралдарын құрастыру мен енгізу;
- Нұсқамалық материалдар жасап шығару;
- Бағалау рәсімдерін өткізу;
- Білім статистикасын жүргізу;
- Сараптау, қорытындылау, ұсыныстар;
- Ақпараттандыру;
- Стратегиялық серіктестермен ынтымақтастық.
ПӨО міндеттері:
- оқушылар мен мұғалімдерді конкурстық іріктеу;
- оқушылардың білім жетістіктерінің мониторингі;
- оқыту кезеңдері бойынша (10, 11 және 12 сыныптар) оқушыларды қорытынды аттестаттау;
- жалпы білім беретін және зияткерлік мектептердің педагогикалық қызметкерлерін, бағалау бойынша тренер мен сарапшыларды бағалау;
- педагогикалық кадрлардың сапасы мен олардың кәсіби деңгейлерінің өсуін бағалау;
- оқушылардың моральдық-психологиялық ахуалы мен денсаулығын бағалау;
- Зияткерлік мектептердегі оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау;
- жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу аясында оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау.
г. Астана, Хусейн бен Талал көш., 21/1 үй
Телефон: 8 (7172) 23 57 66
E-mail: info@cpi.nis.edu.kz
веб-сайт: cpi-nis.kz