Хабарландырулар

Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2020 жылғы 27 ақпан мен 27 наурыз аралығында бір бөлмелі қызметтік тұрғын үйді алуға құжаттарды қабылдау жүргізіледі


«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының филиалы Алматы қаласындағы Физикалық – математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2020 жылғы 27 ақпан мен 27 наурыз аралығында Алматы қаласындағы Физикалық – математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің педагог қызметкерлері үшін «Даму қоры» корпоративтік қордың келесі мекен жайларда орналасқан: Алматы қаласы, Медеу ауданы, Думан-2 мөлтек ауданы, №2 үйдегі №10 және № 31 бір бөлмелі қызметтік пәтерлерін, Думан-2 мөлтек ауданы, №1 үйдегі № 50 бір бөлмелі қызметтік пәтерін, Думан-2 мөлтек ауданы, №15 үйдегі №14 бір бөлмелі қызметтік пәтерін алуға құжаттарды қабылдау жүргізіледі.

Қызметтік тұрғын үй беру Ережелерімен және қызметтік тұрғын үйді алуға тапсырыс беру үшін құжаттар тізімімен www.nis.edu.kz сайтында таныса аласыздар.

Қызметтік тұрғын үйді алу үшін үміткерлерден өтініш және құжаттар жиынтығы  2020 жылғы 26 наурыз күні 18.00 сағатқа дейін Алматы қаласы, Жамакаев көшесі, 145 үй, Назарбаев Зияткерлік мектебі, 114 бөлме  мекен жайы бойынша қабылданады.  

Тұрғын үй комиссиясы қарау үшін құжаттар Нұр-Сұлтан қаласы, Хусейн бен Талал, 21/1 үй, 2-қабат, № 207 бөлме мекен жайы бойынша 2020 жылғы 27 наурыз күні 18.00 сағатқа дейінгі мерзімде тұрғын үй комиссиясының хатшысына өткізілуі тиіс.

 

 Анықтама телефондары: 8 (7172) 23 57 00, ішкі 1073

                                            8 (7273) 31-01-04, ішкі 3511

 

Тұрғын үй алуға үміткерлер Тұрғын үй комиссиясы төрайымының атына өтініш және өткізетін құжаттардың келесі тізіміне сәйкес құжаттарды тұрғын үй комиссиясына өткізеді:

1.     Өтініш берушінің жеке тұлғасын куәлендіретін құжаттың көшірмесі;

2.     Неке қию куәлігінің көшірмесі;

3.     Кадр қызметі берген отбасы құрамы туралы анықтаманың түп нұсқасы;

4.     Өтініш берушінің отбасы мүшелерінің жеке тұлғаларын куәлендіретін құжаттардың көшірмесі;

5.     Өтініш берушінің еңбек кітапшасының көшірмесі;

6.      Педагогтік шеберлік деңгейін беру туралы  құжаттың көшірмесі;

7.     Үміткер мен оның отбасы мүшелерінде соңғы 3 жыл аралығында тұрғын үйі бар/ жоқ туралы Халыққа қызмет көрсету орталығы беретін  анықтама;

8.     Оқу жоспарларды, бағдарламаларды, оқулықтарды, оқу-материалдар мен құралдарды әзірлеу, қайта әзірлеу, жетілдіру бойынша жобалық топтарда  қатысқанын растайтын құжат;

9.      шетел жоғарғы оқу орындарында оқуды ағылшын тілінде бітіргенін растайтын құжат;

10.  Ағылшын тілін меңгергені туралы халықаралық сертификаттар, дипломдар, куәліктер, басқа да құжаттар.

 

Құжаттар мұқаба бетінде өтініш беруші туралы (аты-жөні, қызметі, құрылымдық бөлімшенің аты (филиал) ақпарат  бар қағаз скоросшивательдерде өткізілуі тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Қаралым: 198
Жарияланған: 27 Ақпан