Хабарландырулар

Қызылорда қаласындағы Химия – биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2019 жылғы 21 қыркүйек пен 21 қазан аралығында Қызылорда қаласы


Қызылорда қаласындағы Химия – биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2019 жылғы 21 қыркүйек пен 21 қазан аралығында Қызылорда қаласы, Химия – биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің педагог қызметкерлері үшін қажет болған жағдайда (тұрғын үйге мұқтаж директордың орынбасары тағайындалған жағдайда) 7 күн мерзімде қайтарып береді деген шартпен, Қызылорда  қаласы, Шұғыла мөлтек ауданы, 26А үй, №26 пәтер мекен жайда орналасқан екі бөлмелі қызметтік тұрғын үйді  алуға құжаттарды қабылдау жүргізіледі.

Қызметтік тұрғын үй беру Ережелерімен және қызметтік тұрғын үйді алуға тапсырыс беру үшін құжаттар тізімімен www.nis.edu.kz сайтында таныса аласыздар.

Қызметтік тұрғын үйді алу үшін үміткерлерден өтініш және құжаттар жиынтығы  2019 жылғы 20 қазан күні 18.00 сағатқа дейін Қызылорда қаласы, Бейбарыс көшесі, 6,  221 бөлме, Химия – биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі мекен жайы бойынша қабылданады.

Тұрғын үй комиссиясы қарау үшін құжаттар Нұр – Сұлтан қаласы, Хусейн бен Талал, 21/1 үй, 2-қабат, № 207 бөлме мекен жайы бойынша 2019 жылғы 21 қазан күні 18.00 сағатқа дейінгі мерзімде тұрғын үй комиссиясының хатшысына өткізілуі тиіс.

Анықтама телефондары: 8 (7172) 23 57 00, ішкі. 1073;     8 (7242) 55 11 51, ішкі. 4712

Тұрғын үй алуға үміткерлер Тұрғын үй комиссиясы төрайымының атына өтініш және өткізетін құжаттардың келесі тізіміне сәйкес құжаттарды тұрғын үй комиссиясына өткізеді:

1.Өтініш берушінің жеке тұлғасын куәлендіретін құжаттың көшірмесі;

2.Неке қию куәлігінің көшірмесі;

3.Кадр қызметі берген отбасы құрамы туралы анықтаманың түп нұсқасы;

4.Өтініш берушінің отбасы мүшелерінің жеке тұлғаларын куәлендіретін құжаттардың көшірмесі;

5.Өтініш берушінің еңбек кітапшасының көшірмесі;

6.Педагогтік шеберлік деңгейін беру туралы  құжаттың көшірмесі;

7.Үміткер мен оның отбасы мүшелерінде соңғы 3 жыл аралығында тұрғын үйі бар/ жоқ туралы Халыққа қызмет көрсету орталығы беретін  анықтама;

8.Оқу жоспарларды, бағдарламаларды, оқулықтарды, оқу-материалдар мен құралдарды әзірлеу, қайта әзірлеу, жетілдіру бойынша жобалық топтарда  қатысқанын растайтын құжат;

9.шетел жоғарғы оқу орындарында оқуды ағылшын тілінде бітіргенін растайтын құжат;

10. Ағылшын тілін меңгергені туралы халықаралық сертификаттар, дипломдар, куәліктер, басқа да құжаттар.

Құжаттар мұқаба бетінде өтініш беруші туралы (аты-жөні, қызметі, құрылымдық бөлімшенің аты (филиал) ақпарат  бар қағаз скоросшивательдерде өткізілуі тиіс.


Қаралым: 294
Жарияланған: 20 Қырқүйек