Хабарландырулар

Павлодар қаласы Химия-биологиялық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2019 жылғы 13 қыркүйек пен 13 қазан аралығында педагог қызметкерлер үшін қызметтік тұрғын үйді алуға құжаттарды қабылдау жүргізіледі


«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының филиалы Павлодар қаласы Химия-биологиялық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2019 жылғы 13 қыркүйек пен 13 қазан аралығында Павлодар қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің педагог қызметкерлері үшін,/ қажет болған жағдайда (тұрғын үйге мұқтаж директордың орынбасары тағайындалған жағдайда) 7 күн мерзімде қайтарып береді деген шартпен, Павлодар қаласы, Бекхожин көшесі, №3 үй, №22 пәтер мекен жайда орналасқан бір бөлмелі қызметтік тұрғын үйді алуға құжаттарды қабылдау жүргізіледі.

Қызметтік тұрғын үй беру Ережелерімен және қызметтік тұрғын үйді алуға тапсырыс беру үшін құжаттар тізімімен  www.nis.edu.kz сайтында таныса аласыздар.

Қызметтік тұрғын үйді алу үшін үміткерлерден өтініш және құжаттар жиынтығы  2019 жылғы 12 қазан күні 18.00 сағатқа дейін Павлодар қаласы, Ткачев көшесі, 16/2 үй, Назарбаев Зияткерлік мектебі, 221 бөлме  мекен жайы бойынша қабылданады.  

Тұрғын үй комиссиясы қарау үшін құжаттар Нұр-Сұлтан қаласы, Хусейн бен Талал, 21/1 үй, 2-қабат, № 207 бөлме мекен жайы бойынша 2019 жылғы 16 қыркүйек күні 18.00 сағатқа дейінгі мерзімде тұрғын үй комиссиясының хатшысына өткізілуі тиіс.

Тұрғын үй алуға үміткерлер Тұрғын үй комиссиясы төрайымының атына өтініш және өткізетін құжаттардың келесі тізіміне сәйкес құжаттарды тұрғын үй комиссиясына өткізеді:

1.     Өтініш берушінің жеке тұлғасын куәлендіретін құжаттың көшірмесі;

2.     Неке қию куәлігінің көшірмесі;

3.     Кадр қызметі берген отбасы құрамы туралы анықтаманың түп нұсқасы;

4.     Өтініш берушінің отбасы мүшелерінің жеке тұлғаларын куәлендіретін құжаттардың көшірмесі;

5.     Өтініш берушінің еңбек кітапшасының көшірмесі;

6.      Педагогтік шеберлік деңгейін беру туралы  құжаттың көшірмесі;

7.     Үміткер мен оның отбасы мүшелерінде соңғы 3 жыл аралығында тұрғын үйі бар/ жоқ туралы Халыққа қызмет көрсету орталығы беретін  анықтама;

8.     Оқу жоспарларды, бағдарламаларды, оқулықтарды, оқу-материалдар мен құралдарды әзірлеу, қайта әзірлеу, жетілдіру бойынша жобалық топтарда  қатысқанын растайтын құжат;

9.      шетел жоғарғы оқу орындарында оқуды ағылшын тілінде бітіргенін растайтын құжат;

10.  Ағылшын тілін меңгергені туралы халықаралық сертификаттар, дипломдар, куәліктер, басқа да құжаттар.

Құжаттар мұқаба бетінде өтініш беруші туралы (аты-жөні, қызметі, құрылымдық бөлімшенің аты (филиал) ақпарат  бар қағаз скоросшивательдерде өткізілуі тиіс.

Анықтама телефондары: 8 (7172) 23 57 00, ішкі. 1073

 

                                         8 (7182) 70 47 40, ішкі  5111

 


Қаралым: 238
Жарияланған: 13 Қырқүйек