Хабарландырулар

Астана қаласындағы Халықаралық мектепте 2016 жылғы 13 шілдеден 13 тамыз аралығында Астана қаласындағы Халықаралық мектебінің педагог қызметкерлері үшін қызметтік тұрғын үйдегі бөлмелерді бірнеше түлектерге алуға құжаттарды қабылдау жүргізіледі


Астана қаласындағы  Халықаралық  мектепте  2016 жылғы  13 шілдеден   13 тамыз аралығында Астана қаласындағы Халықаралық мектебінің педагог қызметкерлері үшін қызметтік тұрғын үйдегі бөлмелерді бірнеше түлектерге алуға құжаттарды қабылдау жүргізіледі.

Бөлмелер мына мекен жайда орналасқан:

Астана  қаласы, Богенбай даңғылы, 54 үй, 98 пәтер, жалпы ауданы   81,8 ш.м., ауданы 20,0 ш.м.  және 20,3 ш.м.тұрғын бөлмелері бар қызметтік тұрғын үйде берілетін болады.

Қызметтік тұрғын үй беру Ережелерімен және қызметтік тұрғын үйді алуға тапсырыс беру үшін құжаттар тізімімен  www.nis.edu.kz сайтында таныса аласыздар.

Қызметтік тұрғын үйді алу үшін үміткерлерден өтініш және құжаттар жиынтығы 2016 жылғы 5 шілде күні 18.00 сағатқа дейін  Астана қаласы,    Туркестан көшесі, 2/1 үй, 2 қабат, 248 бөлме  мекен жайы бойынша қабылданады.  

Тұрғын үй комиссиясы қарау үшін құжаттар Астана қаласы, 31-  көше, 37 А үй, 2-қабат, № 207 бөлме мекен жайы бойынша 2016 жылғы 6 шілде күні 18.00 сағатқа дейінгі мерзімде тұрғын үй комиссиясының хатшысына өткізілуі тиіс.

Анықтама телефондары: 8 (7172) 23 57 00, ішкі. 1071

                                          8 (7172) 79 72 73, 79 72 74

 

 

Тұрғын үй алуға үміткерлер Тұрғын үй комиссиясы төрайымының атына өтініш және өткізетін құжаттардың келесі тізіміне сәйкес құжаттарды тұрғын үй комиссиясына өткізеді:

1.     Өтініш берушінің жеке тұлғасын куәлендіретін құжаттың көшірмесі;

2.     Неке қию куәлігінің көшірмесі;

3.     Кадр қызметі берген отбасы құрамы туралы анықтаманың түп нұсқасы;

4.     Өтініш берушінің отбасы мүшелерінің жеке тұлғаларын куәлендіретін құжаттардың көшірмесі;

5.     Өтініш берушінің еңбек кітапшасының көшірмесі;

6.      Педагогтік шеберлік деңгейін беру туралы  құжаттың көшірмесі;

7.     Үміткер мен оның отбасы мүшелерінде соңғы 3 жыл аралығында тұрғын үйі бар/ жоқ туралы Халыққа қызмет көрсету орталығы беретін  анықтама;

8.     Оқу жоспарларды, бағдарламаларды, оқулықтарды, оқу-материалдар мен құралдарды әзірлеу, қайта әзірлеу, жетілдіру бойынша жобалық топтарда  қатысқанын растайтын құжат;

9.      шетел жоғарғы оқу орындарында оқуды ағылшын тілінде бітіргенін растайтын құжат;

10.    Ағылшын тілін меңгергені туралы халықаралық сертификаттар, дипломдар, куәліктер, басқа да құжаттар.

Құжаттар мұқаба бетінде өтініш беруші туралы (аты-жөні, қызметі, құрылымдық бөлімшенің аты (филиал) ақпарат  бар қағаз скоросшивательдерде өткізілуі тиіс.


Қаралым: 1090
Жарияланған: 11 Шілде