Басқарма

Басқарма


Жанғозин Әнуар Қанатұлы 

Басқарма төрағасы

 

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрағасы.

1986 жылы 29 сәуірде дүниеге келген. 2008 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік Университетінің механика-математика факультетін бітірді. 2015 жылы Назарбаев университетінің магистратурасын «Білім берудегі көшбасшылық» Кембридж университетімен бірлескен бағдарламасы бойынша бітірді.

2011-2016 жылдар аралығында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ орталық аппаратында, сондай-ақ Астана қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры болып жұмыс істеген.

Әнуар Қанатұлы басшылық еткен кезеңде Астана қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебі Зияткерлік мектептер желісінде халықаралық деңгейде танылған Халықаралық Бакалавриат ұйымымен авторландырылған және CIS (Council of International Schools) кеңесімен аккредиттелген алғашқы мектеп болған.

2016-2017 жылдары Астана қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары, 2017-2019 жылдары басшысы қызметін атқарды.

2019-2022 жылдары қоғамдық және жеке жобаларды жүзеге асырумен айналысқан: ауыл оқушылары мен мектептерін дамыту, жастардың дағдыларын нығайту; білім беру ұйымдарының басшыларына арналған семинарлар; онлайн білім беру.

2022-2023 жылдары «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамын басқарды: «Болашақ» бағдарламасын әкімшілендіру; 500 ғалымға арналған жыл сайынғы тағылымдамалар жобасын іске асыру; үкіметаралық гранттарды іріктеу және беру.

2022 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің негізіндегі «Delivery Unit» – Нәтижеге қол жеткізуді басқару кеңсесінде білім беруді дамыту жөніндегі топтың көшбасшысы болып табылады. Топ көшбасшысы бола отырып, Big-Data сала көрсеткіштеріне талдау жүргізумен; халықаралық тәжірибеге шолумен; сараптамалық қорытындыларды жинаумен және жүйелеумен; білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және түзету бойынша ұсынымдарды әзірлеумен; «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын әзірлеу мен іске асыруда сараптамалық қолдау көрсетумен айналысады.

2019 жылы Әнуар Қанатұлы Президенттік жастар кадр резервіне алынды.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ы. Алтынсарин» төсбелгісі және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

2023 жылдың наурыз айынан бастап «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Басқарма Төрағасы болып тағайындалды.

 


Испусинова Светлана Бағытқызы

Басқарма төрағасының орынбасары 

Светлана Бағытқызы Испусинова Зияткерлік мектептер жүйесінде 2008 жылдан бері қызмет етіп келеді. Ол адами ресурстарды басқару департаментінің директоры, атқарушы директор лауазымдарында тер төгіп, 2012 жылдың қыркүйек айынан бастап – Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған. 2019 жылдың сәуір айы мен шілде айлары аралығында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма Төрайымы қызметін атқарды. 

Светлана Бағытқызының барлық кәсіби біліктілігі отандық білім беру жүйесіне арналған. 1978 жылы Гурьев педагогикалық университетін «тарих және қоғамтану» пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша тәмәмдаған. Тарих, мемлекет негізі мен құқығы пәндерінің мұғалімі, сыныптан және мектептен тыс іс-шараларды ұйымдастырушы, Атырау және Тараз қалаларында мектеп директоры қызметтерін атқарған. 

1999 – 2002 жылдары Атырау облысы білім басқармасының басшысы, 2003 – 2007 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде бөлім басшысы, Мектепке дейінгі және орта білім беру департаментінің директоры, 2007 – 2008 жылдары «СИТ» АҚ Инновациялық технологиялар департаментінің директоры, «Kazsatnet» АҚ Пайдалану департаменті директорының орынбасары қызметтерін атқарған.  

2000 жылы «Қазақстан Республикасы білім саласының үздігі» төсбелгісімен, 2001 жылы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен,  2004 жылы «Қазақстан Республикасы білім берудің құрметті қызметкері» төсбелгісімен, 2005 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің құрмет грамотасымен, 2015 жылы «Қазақстан Конститутциясына 20 жыл» медалімен және «Ерен еңбегі үшін» медалімен  марапатталған.

 


Аюбаева Нәзипа Алтынбекқызы

Басқарма Төрағаның орынбасары 

 

1977 жылы 13 сәуірде Жамбыл облысында туған. Білімі - жоғары, филолог - лингвист. Қырғыз Жер Жоғары колледжі  (Бішкек қаласы),  М.Р.  Birla менеджмент институты, Бангалор университеті (Үндістан).

Еңбек жолын - 1997 жылы - Тараз қаласы №39 орта мектепте ағылшын пәні мұғалімі болып бастады. 1998 - 2000 жылдары - Арабаев атындағы Қырғыз Мемлекеттік педагогигалық  институтындағы шығыс тілдері мен мәдениеті институты, ағылшын тілі оқытушысы, директордың  маркетинг жөніндегі орынбасары, «Манас» Қырғыз Түрік университетінде оқытушы.

2005 - 2008 жылда ҚР Британдық Кеңес компаниясы, адами ресурстарды дамытуда жаттықтырушы, Бүкіләлемдік Сауда институтының, БСҰ кіру жөніндегі оқыту курстары», Берн қаласы, Швейцария, сондай - ақ, халықаралық бір қатар жобаларды басқарған. «Қазақстан Үкіметі және Ұлттық Банк жанындағы ұлттық сараптама орталығы» АҚ - жобаның менеджері. 

2009-2019 жылдары – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-да Басқарма Төрайымының орынбасары,

2019 –2020 жылдары Назарбаев университеті Жоғары білім беру мектебінің  аға ғылыми қызметкері, 2020- 2022 жылдары -Назарбаев қордың білім саласындағы ғылыми қызметкері, 2021 жылғы қаңтар-желтоқсан аралығында Jusan Ventures январь - декабрь 2021 года оқыту және адами капиталды дамыту жөніндегі басқарушы директор, 2017 – 2022 жылдары Назарбаев Зияткерлік мектептері Даму қорының директоры.

2022 жылдың 7 қыркүйектен бастап «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-да Басқарма Төрағаның орынбасары қызметін атқарып келеді.


 Жанкеев Азамат Мұхтарұлы

 Басқарма төрағасының орынбасары 

Жанкеев Азамат Мұхтарұлы Қазақ агротехникалық университетін «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша тәмәмдаған. 

ҚР кәсіби бухгалтерлер палатасының мүшесі, Қазақстан Республикасының аудиторы біліктілігінің иесі, Халықыралық сертификатталған кәсібі бухгалтер (CIPA) және Қазақстан Республикасының кәсіби бухгалтері.

Халықаралық қаржы есебінің (ACCA DipIFR) және  кәсіби ішкі аудитор  дипломдары бар (DipPIA).

Ұлттық және дербес компанияларда қызмет атқарған. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-да 2014 жылдан бастап басқарушы директор қызметін атқарады. 

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Қамқоршылық кеңесінің шешімімен 2019 жылдың 12-ші наурызынан басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

 


Қазжанова Айгүль Өмірқызы

Басқарушы директор

2010 жылдан бастап «Назарбаев Зияткерлік мектептері»  ДББҰ жұмыс істейді. 2011 жылы басқарушы директор лауазымына тағайындалғанға дейін, оқу үрдісін басқару әдістемесі департаментінің директоры қызметін атқарды.

Халықаралық жобаларда жұмыс істеді, «Қазақстан Республикасы ТжКБ жүйесіндегі әлеуметтік серіктестік» ЕО Жобасының жетекші сарапшысы (2008-2010 жж.), «Қазақстан Тұңғыш Президентінің жаңа инновациялық мектептерін құру тұжырымдамасын әзірлеуге жәрдемдесу» жобасының жетекшісі, Н.Ә.Назарбаев атындағы білім беру қоры (2008 ж.). Халықтың ұлттық сарапшысы, Біріккен Ұлттар Ұйымы (2007). 2006-2007 жылдары. «2008-2012 жылдарға арналған Қазақстандағы мемлекеттік ТВЭ бағдарламасын» дамытуға жәрдемдесу »жобасында» ТжКБ жүйесінің оқытушылары үшін оқу жоспарларын әзірлеу және потенциалды арттыру » ЕО жобаларының жетекші сарапшысы болып жұмыс істеді. Ақмола облысында (2002-2005) Еуропалық Одақтың «Кәсіптік білім беруді Қазақстандағы шағын және орта бизнестің дамуына байланыстыратын» ТАСИС жобасы.

18 жылдан астам уақыт бойы ағылшын тілінің мұғалімі және директрдың әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары ретінде педагогикалық тәжірибесі бар.

Көкшетау қаласындағы Ш.Уәлиханов университетін «ағылшын тілінің мұғалімі» мамандығы бойынша тәмәмдады. А.Мырзахметов атындағы университетін «экономист» мамандығы бойынша аяқтаған, Лос Окончила Кокчетавский Педагогический Институт им. Ч. Валиханова по специальности «учитель английского языка», Университет им. А.Мырзахметова г. Кокшетау по специальности «экономист», Лос-Анжелес халықаралық университеті, Калифорния, АҚШ, EMBA. 


 


Қаралым: 21527
Жарияланған: 17 Ақпан