Педагогикалық шеберлік орталығы

Хабарландыру


 «Педагогикалық шеберлік орталығы» жекеменшік мекемесіне жаратылыстану-ғылыми/физика-математика саласындағы пәндер бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеуші-менеджер лауазымына маман қажет.

 Міндеттері:

 - білім беру бағдарламаларын және білім берудің әдістемесі мен технологиялары бойынша біліктілікті арттырудың оқу-әдістемелік кешендерін, жаратылыстану-ғылыми/физика-математика саласындағы пәндер бойынша, соның ішінде онлайн оқу  бағдарламаларын әзірлеуге қатысу;

 - озық отандық және шетелдік педагогикалық теориялар мен тәжірибені зерделеу, талдау, қорыту, жүйелеу;

 - мақала жариялау, соның ішінде шетелдік басылымдарға шығару, әдістемелік құрал жасау;

 - білім беру ұйымдарында зерттеу, тәжірибелік-сынақ жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу; 

 - іс-шараларға, соның ішінде халықаралық (шеберлік сабақтары, конференциялар, форумдар, білім беру сипатындағы конкурстар) шараларға қатысу.

 

Талаптары:

 -         жаратылыстану-ғылыми/физика-математика саласындағы пәндер бойынша жоғары педагогикалық білім; 

 -         PhD, ғылым кандидаты (болғаны дұрыс) академиялық дәрежелерінің болуы;

 -         кәсіби салада жұмыс тәжірибесі кемінде 5 жыл;

 -         қазақ, орыс және ағылшын (артықшылығы) тілдерін білуі;

 -         білім беру бағдарламалары мен оқу-әдістемелік құжаттарды сараптаудағы және әзірлеудегі жұмыс тәжірибесі;

 -         ғылыми зерттеу, өңдеу, талдау және ғылыми деректерге қорытынды жасаудағы дағдыларының болуы;

 -         мақалалар, әдістемелік құралдар мен басқа да жарияланым түрлерін  дайындаудағы дағдыларының болуы;

 -         ДК-ді тәжірибелі пайдаланушылық деңгейі (MS Office, Google).

 

Шарты:

 -         бес күндік жұмыс аптасы, сағат 09.00-18.00 аралығы;

 -         тұрақты және уақытында берілетін еңбекақы;

 -         Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес рәсімдеулер мен әлеуметтік кепілдіктер.

 

Түйіндемені  info@cpm.kz электронды поштасына жіберу керек.

 


Қаралым: 34
Жарияланған: 08 Маусым