Математикалық ойындар

Симметрия әлемінде


 

Математика пәнін оқытып үйретудің тиімді жолдарының бірі – оқушы белсенділігі мен білім алуға құштарлығын арттыру. Математика ақылды тәртіпке жеңдіріп, логикалық ойлауды жетілдіріп, оқушы бойына төзімділік, жауапкершілік, табандылық сияқты қасиеттерді қалыптастырады. Қазіргі заманғы нарық және экономикалық сұранысқа сай бәсекеге қабілетті жас болу үшін математикамен айналысу аса қажет.  Осы мақсатта  жоғары сынып оқушылары орта буын оқушыларымен тығыз байланыста жұмыс  жасайды. Айына бір рет  оқушылар өздеріне жүктелген сыныпта қызықты математикалық есептер мен практикалық жұмыстар ұйымдастырады. Оқушы – оқытушы ролін атқара отырып, сыныптан тыс жұмыстар: көңілді тапқырлар сайысы,  интеллектуалды жарыс, танымдық ойын түрінде  өткізеді.

 

Осы жұмыстарды өткізу шараларына бағыт-бағдар беруде математика пәнінің мұғалімдері - Абилкаева С.Ш, Қожахметова Г.Б, Жампейсова Г.Д  жетекшілік жасайды. 

Толығырақ
 


Қаралым: 3126
Жарияланған: 06 Мамыр