Сабақ жоспарлары

Қанықпаған көмірсутектердің реакцияға тусу қабілеттілігі


Өскемен қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
Химия пәнінің мұғалімі: Рсымбетова А. Ө.
Тақырыбы: Қанықпаған көмірсутектердің реакцияға тусу қабілеттілігі
Сабақтың мақсаты: Қанықпаған көмірсутектердің және олардың туындыларының қасиеттерін болжауға мүмкіндік беретін көмірсутектердің құрылысы мен реакциялық қабілеттілігі туралы жүйелі білімді қалыптастыру
Оқыту : Назарбаев Зияткерлік мектептерінің эксперименттік оқу бағдарламасына сәйкес органикалық химия курсындағы көмірсутектердің реакцияға түсу қабілеттіліктерін салыстыру  және  анализ жасау негізінде органикалық заттардың қасиеттерінің олардың құрылысы мен өзара байланысу ретіне және атомдар мен атом топтарының  өзара әсеріне тәуелді болатындығын үйрету.
Дамыту : көмірсутектердің салыстырмалы қасиеттері негізінде оқушыларды жан-жақты ойлауға үйрету, олардың білім- біліктілігін дамыту арқылы алған білімдерін іс- жүзінде пайдалану дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік :  оқушыларды шығармашылыққа тәрбиелеу, кәсіптік бағдар беру және олардың өз бетімен жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастыру.

Толығырақ

Слайдтар


Қаралым: 1987
Жарияланған: 05 Қаңтар