Аттестаттау

Сабақтың рефлексиялық есебін формативті бағалауға арналған семинар


2017 жылдың наурыз айының 13-29 аралығында  ДББҰ «Назарбаев Зияткерлік мектептері» педагогикалық өлшеулер орталығы Зияткерлік мектептердің педагог қызметкерлерін аттестаттау шеңберінде сабақтың рефлексиялық есебін формативті бағалауға арналған семинар өткізді.

Мектепішілік бағалау кезеңінде тәжірибелі әріптестер, әдістемелік бірлестік жетекшілері, директор орынбасарлары тәлімгерлер ретінде мұғалімге оның кәсіптік дамуы тұрғысынан қолдау көрсету мақсатында сабақ бойынша рефлексиялық есептерге формативті бағалау жүргізеді, кері байланыс ұсынады. Формативті бағалау үдерісі – мұғалімдер мен тәлімгердің сындарлы өзара әрекеті: сабақ бойынша рефлексиялық есепте мұғалім өзінің жоспарлауын, оқытуын, оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауын, сабақты оқыту сапасын талдайды және бағалайды; тәлімгер - мұғалімнің сабақ бойынша рефлексиялық есебін зерделейді және мұғалімге рефлексия дәлелдемелерін жақсартуға көмектесетін формативті пікір ұсынады. 

Мұғалімдердің рефлексиялық есепті формативті бағалаудың тиімділігі тәлімгерлердің мұғалімдерді бағалау туралы бағалау қағидалары мен критерийлеріне сәйкес білімі мен дағдыларын қандай дәрежеде меңгергеніне, сондай-ақ мұғалімдердің одан әрі дамуы үшін бағалау нәтижелерін пайдалану қабілетіне тікелей байланысты болады. Бұл үшін, бағалау үдерісінің барлық қатысушылары барлық қажетті дағдылар мен білімді меңгеруі маңызды болып табылады.

Семинар барысында, эксперт бағалаушылар тарапынан пәндік әдістемелік бірлестік жетекшілері мен директордың орынбасарларына сабақ бойынша рефлексиялық есептегі талдау, бағалау, жинақтау дәлелдемелерін формативті бағалау дағдыларын дамытуға  байланысты әдістемелік қолдаулар көрсетілді. Сондай-ақ, семинарға қатысушылар мұғалімнің кәсіби дамуын қолдауға негізделген тренер портфолиосының мазмұнымен танысты.  


Қаралым: 1084
Жарияланған: 07 Сәуір