Халықаралық

Жас өнертапқыш


2016 жылдың 29 наурызы мен 1 сәуір аралығында Мәскеу қаласында ХІХ Халықаралық «Архимед-2016» өнертапқыштар мен инновациялық технологиялар Салоны өтті. Бұл әлемдегі алдыңғы қатарлы жобалар таныстыратын ең үлкен көрме алаңы саналады. Салон бағдарламасы аясында әлемнің әр түкпірінен өнертабыстар, өндірістік үлгілер, тауар белгілері, пайдалы модельдер көрмесі өтіп, «Өнертапқыш Университеті» атты оқыту шаралары, конференциялар, венчурлік жәрмеңке, байқаулар, ұлттық жобалар мен технологиялардың таныстырылымы ұйымдастырылды. Мұндағы өнертабыстар ғылым мен техниканың түрлі саласын қамтыды, атап айтқанда биотехнология, медицина, робототехника, металлургия, ракета құрылысы, құрылыс, ауыл шаруашылығы және басқа да салалар.

Айтулы шарадағы жоба әзірлеу Салонының қорытындысы бойынша Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушысы Азиз Талапов «Қолданыстағы жел ағыны концентраторлы зертханалық жел агрегаты макеті» үшін күміс жүлдеге лайықты деп танылды. Сондай-ақ ол жас өнертапқышқа арналған арнайы сыйлықпен марапатталды.


Қаралым: 1918
Жарияланған: 06 Сәуір