Халықаралық

Мәскеу қаласында өткен химиялық турнирдегі жеңістер


           Қарағанды қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің командасы (Муратбек Наби (команда капитаны), Алдан Гульжан, Демянец Дмитрий, Медетова Алима, Ярославцева Екатерина, Мұратқызы Аруна) 2016 жылдың 3-6  ақпан аралығында Мәскеу қаласында өткен ІІ Халықаралық химиялық турнирге қатысты.

М.В. Ломоносов атындағы турнир ММУ-інің  химия факультетінде өтті. Байқау ережесіне сай іріктеу негізінде командалар бірнеше бағыттардағы сайыстарға қатысты. Әр бағытта 4 командадан болды. Зияткерлік мектептің қарсыластары Сербия, Новосібір және Мәскеудің мықты командалары болды.

Байқау екі кезеңнен тұрды: сырттай және бетпе-бет. Турнирдің бетпе-бет кезеңінде Ресейдің 22 аймағы мен  4 мемлекеттен: Беларусия, Украина, Қазақстан және Сербиядан, барлығы  35 команда қатысты.

Байқаудың қорытындысы бойынша Қарағанды қаласы Зияткерлік мектептің оқушылары ІІІ дәрежелі ДИПЛОМ иеленді. Команданың әр мүшесі химия пәнінің мұғалімі Никольская Наталья Ивановнаның басшылығымен жақсы көрсеткішке жетуге өз үлестерін қосты. Оқушылар үшін бұл халықаралық дәрежедегі алғашқы сайыс. Оқушылар химия пәнінен білімдерін тереңдетуге, ұшқыр ойлау мен критериалды дағдыларды қалыптастыруға  мүмкіндік алды.

      Оқушылар мен мұғалімге Олимптің биік шыңына жетулеріне тілектеспіз!  


Қаралым: 1527
Жарияланған: 10 Ақпан