Халықаралық

Халықаралық Жаутыков Олимпиадасының нәтижелері


2016 жылы 14-19 қаңтарында 12-ші Халықаралық Жаутыков Олимпиадасы физика, математика және информатика пәндерінен Алматы қаласында өтті. Назарбаев Зияткерлік мектебінен 4 мектеп, жалпы 7 қатысушы  қатысты: Астана (Кучукова Айя), Алматы (Қажымұрат Акназар, Тұрсынбек Ғазиз), Семей (Ибраев Тенгиз), Талдықорған (Пак Артур, Пак Георгий, Козлов Андрей).

12-ші Халықаралық Жаутыков Олимпиадасында 63 команда, 413 оқушы, 17 мемлекеттен қатысты: Қазақстан, Ресей, Украина, Беларусь, Әзірбайжан, Грузия, Армения, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменістан, Болгария, Румыния, Сербия және Моңғолия.

Олимпиада 2 турдан өтті. 2-ші турдың нәтижесіне сүйеніп, 40 % қатысушыларға диплом берілді. Мамандырылған мектептердің арасында рейтинг жүргізілді.

Назарбаев Зияткерлік мектебінен 3 қатысушы жүлделі орын алды: Пак Георгий (Талдықорған) күміс медалін матемадикадан, Қажымұрат Ақназар (Алматы) күміс медалін физикадан, Ибраев Тенгиз (Семей) қола медалін физикадан алды.


Қаралым: 2018
Жарияланған: 10 Ақпан