Халықаралық

Euro Math 2013


 Сәуір айының 10 - 14 аралығында Семей қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Швецияның Гетеборг қаласындағы Euro Math 2013 конференциясында толығымен  ағылшын тілінде өткен MathFactor ғылыми жобалар сайысына қатысты.

Конференцияда математикаға қатысты және математикалық  тапсырмалардың альтернативті шешімін шығару бойынша көптеген жобалар ұсынылды. Сайыста Италия, Греция, Хорватия, Болгариядан келген  300 жуық  шетелдік оқушылар білімдерін бәйгеге салды.

Нәтижесінде, Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің  11 сынып оқушылары  Оралов Арман мен Оралбекова Аяжанның «Бұрыштың трисекциясы» тақырыбындағы жобалары 3 орынды иеленді!


Қаралым: 2313
Жарияланған: 28 Мамыр