Халықаралық

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары «Ұлы математиктер жолымен» және «Шектеусіз математика» олимпиадаларына қатысты


 Қазақстан мектептерінің 6-8 сынып оқушылары үшін 2012 жылдың 4-10 маусым аралығында Венгрияда, Будапешт қаласында «Ұлы математиктер жолымен» олимпиадасы мен «Шектеусіз математика» математикалық сайысы өтті. Олимпиадада Астана, Семей, Өскемен, Көкшетау және Талдықорған ққ. Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 18 оқушысы қатысты. «Ұлы математиктер жолымен» олимпиадасы Венгрлердің Бүкіләлемдік ассоциациясының тарихи ғимаратында өтті. Қатысушыларға құттықтау сөзімен Халықаралық математикалық олимпиаданың халықаралық консультациялық кеңесінің төрағасы, профессор Йозеф Пеликан, Бүкіләлемдік Венгрлер ассоциациясының вице-президенті, Еуропа қыпшақтары қоғамының төрайымы Айша Мандоки, венгрлердің тұңғыш ғарышкері Берталан Фаркаш сөз сөйледі.   

«Ұлы математиктер жолымен» олимпиадасын Йозеф Пеликанның бастауымен Будапешттің Политехникалық университетінің ұстаздары өткізді. Нәтижесі бойынша келесі оқушыларға дипломдар мен медальдар берілді: 

1.    Қуанғанов Шаймерден – 1 дәрежелі диплом, алтын медаль (6 сынып Астана қ. ФМБ НЗМ); 
2.    Қарабеков Елмұрат – 1 дәрежелі диплом, алтын медаль (7 сынып Астана қ. ФМБ НЗМ);
3.    Абдулов Ален – 1 дәрежелі диплом, алтын медаль (8 сынып Астана қ. НЗМ);
4.    Кенжебай Ержан – 2 дәрежелі диплом, күміс медаль (6 сынып Астана ФМБ НЗМ);
5.    Елеу Сұлтанмұрат – 2 дәрежелі диплом, күміс медаль (8 сынып Астана қ. ФМБ НЗМ);
6.    Негметжанов Дарын – 3 дәрежелі диплом, қола медаль (8 сынып Көкшетау қ. ФМБ, НЗМ);
7.    Ким Дмитрий – 3 дәрежелі диплом, қола медаль (7 сынып Талдыкорған қ. ФМБ НЗМ).

«Шектеусіз математика» сайысын команда жетекшілері, соның ішінде (Төлебаева А.Б., Омарғалиева Н.Б., Сосин В.Н., Есбаев А.Н.). Назарбаев Зияткерлік мектептерінің математика мұғалімдері өткізді. Сайыстың нәтижесі бойынша келесі оқушыларға дипломдар мен медальдар берілді: 

1.    Қарабеков Елмұрат – 1 дәрежелі диплом (7 сынып Астана қ. ФМБ НЗМ);
2.    Қуанғанов Шаймерден – 1 дәрежелі диплом (6 сынып Астана қ. ФМБ НЗМ);
3.    Ким Дмитрий – 1 дәрежелі диплом (7 сынып Талдыкорган қ. ФМБ НЗМ);
4.   Абдулов Ален – 2 дәрежелі диплом (8 сынып Астана қ. НЗМ);
5.    Елеу Сұлтанмұрат – 2 дәрежелі диплом (8 сынып Астана қ. ФМБ НЗМ);
6.   Пак Георгий - 2 дәрежелі диплом (Талдыкорган қ. ФМБ НЗМ);
7.   Құдайберген Ғайнижамал – 3 дәрежелі диплом (Астана қ НЗМ);
8.    Өсербаев Тлес - 3 дәрежелі диплом (Семей қ. ФМБ НЗМ).

Ресми емес есепте Астана қ. ФМБ НЗМ бірінші командалық орын алды. Екі олимпиаданың нәтижесі бойынша Қуанғанов Шаймерденмен Қарабеков Елмұрат «Дарын» РҒПО резервтік құрама командасына қосылды. Олимпиаданың әрбір турынан кейін команда жетекшілерімен тапсырмаларды талдап, шешу жолдарын қарастырды. Қатысушыларға мәдени-танымдық бағдарлама ұсынылды. Оқушылар Парламентке, планетарийге, этнографиялық және тарихи музейлерге, «Миленариш парк» және Будапешттің басқа да  көрнекті жерлерін аралады.

Мәдени іс-шаралардан Венгрия мектеп оқушыларының ғылыми жобалары негізінде жасалған «Миленариш парк» атап өткім келеді. Олимпиада қатысушылары Будапешттің басқа да тұрғындары секілді практика жүзінде физикалық құбылыстарды тексеріп, математикалық бас қатырғыштарды шешіп, физикалық эксперименттерге қатысты: дыбыстық зеңбіректер, күн батарейлеріндегі ұшақтардың моделдері, цилиндрлік ыдыстағы құйын тәрізді қозғалыс, механикалық энергияның электрлік энергияға өзгеруі және т.б.

Жаратылыстану-ғылыми пәндерінен бейінді Халықаралық мектебіне қатысқаны үшін барлық қатысушылар (оқушылар мен жетекшілер) «Дарын» РҒПО сертификаттарымен марапатталды. 


Қаралым: 3631
Жарияланған: 01 Шілде