Халықаралық

Әлем танып, білім алып, білімімізді де көрсетелік!


 Наурыздың 22-28 аралығында Чехияның астанасы Прага қаласында жалпы білім беру пәндері бойынша VIII Халықаралық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Зияткерлі сайыс орыс тілі, әдебиет, математика, физика, информатика, биология, химия, география, тарих, қоғамтану, шет тілдер (ағылшын, неміс, француз), өмір сүру қауіпсіздігінің негіздері, әлемдік көркем мәдениет сияқты пәндерден өтті. Қорытынды кезеңде барлық пәндер бойынша арнайы олимпиадаға қатысатын мемлекеттердің оқу бағдарламаларын ескере отыра интернационалдық тапсырмалар әзірленді.

Олимпиаданың мақсаты жалпы білім беретін мекемелердің орта және жоғары буын оқушыларының танымдық белсенділіктерін арттыру, оқушыларды халықаралық коммуникативті және білім кеңістігіне шығару, шығармашылық деңгейдегі жеке пәндерді меңгеру жолындағы қабілеттілігі мен бейімділігін айқындау, олимпиадаға қатысушы мемлекеттердің педагогтары мен оқушылары арасында мәдени және ғылыми байланысты кеңейту, оқушылардың интеллектуалды және шығармашылық қабілеттіліктерін дамыту, танымдық қызметке бейімдігі бар айрықша дарынды балаларды анықтау болып табылады.

Олимпиаданың қорытынды кезеңі әлемнің көне университетінің бірінде өткізілді. Карлов университетін 1348 жылы император Карл IV ашқан болатын. Бұл оқу ордасы Орталық Еуропаның ең алғашқы университеті еді. Қазір онда 17 факультет жұмыс жасап, 42 000 студент білім алуда. Сондай-ақ, Карлов университеті Чехиядағы медицина, әлеуметтік ғылымдар, тілдер және тағы басқа бағыттарда оқытуда ең үздік оқу орны болып саналады.  

Олимпиаданың іріктеу кезеңдерінің қорытындысы бойынша қажетті ұпай санын жинаған Белорус, Қазақстан, Ресей, Тәжікстан, Түркия, Украина, Чехия елдерінің мектеп оқушылары қатысты.

Семей қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінен  Олимпиадаға 9 оқушы: ағылшын тілінен – 10 сынып оқушысы Айгерім Ахметқали, 5 сынып оқушылары Есен Төлеген және Айсұлу Акишева, математика пәні бойынша 7 сынып оқушылары Мақсат Кенесқанов, Ақылбек Қалимолдаев, Әділ Көшербаев, география пәні бойынша 8 сынып оқушысы Ырымгүл Ыбрайымова, сондай-ақ, 10 сынып оқушылары Назым Скакова мен Арай Нұрмағамбетовалар қатысты.

Біздің мектептен басқа Олимпиадаға «Престиж» жеке меншік мектебінің (Теміртау қ.), «Дарын»  мектебінің (Қарағанды қ.), №7 мектеп-лицейінің (Жезқазған қ.), №93 гимназияның (Қарағанды қ.), №4 мектеп-гимназиясының (Астана қ.), академиялық лицейінің (Қостанай қ.), «Достар» халықаралық мектебінің (Алматы қ.),  №56 гимназияның (Алматы қ.),  Прага қаласындағы Ресей Федерациясының Елшілігі жанындағы орыс мектебінің оқушылары қатысты. Олимпиада қатысушыларының жалпы саны 100-ден асады.

Праганы Еуропаның жүрегі деу тегін емес. Ол әлемнің өзге қалаларына еш ұсамайтын, керемет сәулет ескірткіштері, готикалық сарайлар мен қорғаныс ғимараттары шоғырланған, үлкен алаңдар мен жіңішке көшелер, қалың тас төсеуіштері бар бірегей қала. Чехия астанасының таңғажайып табиғат ландшафтары мен оның аймағы ешкімді бей-жай қалдырмайды.

Олимпиаданы ұйымдастырушылар таныстыру кешінен басталған тамаша мәдени бағдарлама әзірледі. Онда біздің мектептің тобы ұлттық киім үлгісін киіп «Қара жорға» биін орындағаны үшін «Ең әртістік топ» атағына ие болды.

Барлық қатысушыларға ғылым негіздері бойынша VIII Халықаралық олимпиаданың қорытынды кезеңіне қатыса отырып, Еуропаны жүрегі – Прагада демалуға, сондай-ақ, шетелдік құрбыларымен танысуға бірегей мүмкіндік жасалды.  Прага қаласындағы көктемгі демалыс бағдарламасының қорытындысында әр оқушыға Олимпиада қатысушысының дипломдары табысталып, ескерткіш сыйлықтар тарту етілді.  

Бір аптаның ішінде балалар Праганың зообағында болды, жаяу экскурсиямен Көне Праганың көрікті жерлерін аралап, өз көздерімен Көне алаңдағы ең танымал Прага сағатын тамашалады, Карл көпірімен серуендеп, Карлов университеті мен Карлов орта мектебіне барды. Сонымен қатар, Австрия елінің Вена қаласына бір күндік сапар жасады.

Олимпиада жеңімпаздарын марапаттау рәсімі Влтава өзенінің әдемі жағасында орналасқан мейрамханада өтті.

Ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға қатысқандары үшін дипломдар табыстады, ал біздің үш оқушы, нақтырақ айтқанда, 10 сынып оқушысы Айгерім Ахметқали (ағылшын), 5 сынып оқушысы Есен Тюлеген (ағылшын) мен 7 сынып оқушысы Мақсат Кенесқанов (математика) олимпиада қорытындысы бойынша 3 орынға ие болды.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!


Қаралым: 2953
Жарияланған: 10 Сәуір