Халықаралық

Швейцариядан жеңіспен!


 Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары  ағымдағы жылдың 8 мен 12 желтоқсан аралығында Луцерн қаласында өткен V Халықаралық ғылыми олимпиадасына қатысты. Астана қ. физика - математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары жүлделі орындарға ие болды.  Малика Аубакирова, 11 «С» сынып,  Нұрислам Баймұрат, 11 «А» сынып оқушылары бірінші орын алып, Ақбота Асқанбекова, 11 «А» сынып, Әсел Мұқашева,  11 «А» сынып, Диас Таукебай, 11 «А» сынып оқушылары екінші орынды иеленіп, үшінші жүлделі орын 11 «А» Әйгерім Үзденбаева, 11 «С» сынып оқушысы Айдана Сералиева қанжығасына байлады. Жеңімпаздар халықаралық I, II, III дәрежедегі дипломдармен марапатталды. Барлық қатысушыларға халықаралық сертификаттар берілді.

Жалпы, гылыми олимпиадаға Назарбаев Зияткерлік мектептерден 33 оқушы қатысты. Дәстүр бойынша зияткерлік сайысты «Эврика» (EECD) Еуропалық Даму Орталығы Швейцарияның оқу мекемелері және Дарынды балалардың Халықаралық ассоциациясының қолдауымен өткізеді. V Халықаралық ғылыми олимпиада физика, химия, биология, математика, информатика, экология, тарих, мәдениеттану ғылымдарына қызығушылық танытатын балаларды іздеп, іріктеп, қолдау мақсатында жүзеге асатын «Планетаның дарынды балалары» атты бағдарлама аясында өтті. Әділ қазылар алқасы және Олимпиаданың сараптау кеңесіне көрнекті ғалымдар, педагогтар, Еуропа мен ТМД мамандар кіреді.

V Халықаралық ғылыми олимпиада қатысушылары мен жеңімпаздарын құттықтаймыз!


Қаралым: 2177
Жарияланған: 10 Сәуір