Олимпиадалар, конкурстар

Жаңалықтар


Білім беру саясаты және бағдарламалар департаменті Зияткерлік мектеп оқушыларының қабілеттерін ерте бастан анықтау, дамыту, ғылыми іс-шараларға қызығушылығын арттыру, дарынды балаларға қолдау көрсету, ғылыми білімді насихаттау, жаратылыстану-математикалық бағыттағы желілік, республикалық олимпиадаларда табысты нәтиже көрсету  мақсатында 7-сыныптар арасында қашықтықтан олимпиада өткізуді жоспарлап отыр.

Олимпиада алты пән бойынша өткізіледі: биология, химия, математика, физика, информатика және география.

Олимпиаданың өткізілетін күні: 30 сәуір 2016 жыл, басталу уақыты: 10:00 (Астана уақытымен)

Олимпиада тапсырмалары «Назарбаев Зияткерлік мектептеріне» ДББҰ Зияткерлік мектептер білім беру саясаты мен бағдарламалар департаментінен 9:00 электронды пошта арқылы жіберіледі.

Олимпиаданың өткізілу уақыты – 1,5 астрономиялық сағат.

Олимпиада нәтижесі бойынша жоғары балл көрсеткен оқушы Зияткерлік мектептің олимпиадалық резерв құрамына қабылданып, оқу-жаттықтыру жиынына жіберіледі.


Қаралым: 2008
Жарияланған: 28 Сәуір