Конкурстық іріктеу қорытындылары

Республикалық комиссия 7 сынып оқушыларын іріктеу конкурсының қорытындысын шығарды

2014 жылғы 30 сәуірде Министр Саринжипов Аслан Бәкенұлының төрағалығымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің-Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия отырысы өткізілді.

Назарбаев Зияткерлік мектептердің 7 сыныптарына оқушыларды іріктеу конкурсының нәтижелері

Конкурс нәтижелері бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану арқылы оқушылардың жауаптарын статистикалық өңдеу әдісімен алынды. Аталған әдіс барлық халықаралық зерттеулерде қолданылады және тестілеудің нәтижелерін объективті және әділ бағалауды қамтамасыз етеді.

693 оқушы «Өркен» білім беру грантының иегері аталса, 988 оқушы резервтік тізімге енді

2014 жылғы 22 қаңтарда Вице-министр Иманғалиев Есенғазы Нұртөлеуұлының төрағалығымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің-Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия отырысы өткізілді.

Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7 сыныбына үміткерлерді іріктеу конкурсының нәтижелері

Конкурс нәтижелері бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану арқылы оқушылардың жауаптарын статистикалық өңдеу әдісімен алынды. Аталған әдіс барлық халықаралық зерттеулерде қолданылады және тестілеудің нәтижелерін объективті және әділ бағалауды қамтамасыз етеді.

Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде білім алу үшін конкурсқа қатысқан үміткерлер мен олардың ата-аналарының назарына!

Конкурстық іріктеу нәтижелері «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі Республикалық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қарауына жіберіледі. Конкурстың соңғы нәтижесі және грант тағайындау жөніндегі шешім Комиссия отырысында қабылданады. Комиссия отырысы 2014 жылғы қаңтар айына жоспарланып отыр.