Конкурстық іріктеу қорытындылары

«Өркен» білім беру гранты


2017 жылғы 5 сәуір күні Білім және ғылым Министрі Сағадиев Ерлан Кенжеғалиұлының төрағалығымен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің-Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия отырысы өткізілді.

Республикалық комиссия мүшелері 2016-2017 оқу жылында 7 сыныптан бастап Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Семей, Талдықорған, Тараз, Орал, Өскемен, Шымкент қалаларындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінде білім алуға резервтік тізімде тұрған 119 үміткердің құжаттарын қарастырды.

Республикалық комиссия шешімімен 114 оқушы «Өркен» білім беру грантының иегері аталды. Бос орынның жоқтығынан Өскемен қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде білім алуға өтініш білдірген 5 үміткердің грант тағайындау туралы өтініштері қанағаттандырылмады.

«Өркен» білім беру гранты иегерлерінің тізімі

 

 


Қаралым: 8215
Жарияланған: 27 Сәуір