Конкурстық іріктеу қорытындылары

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7 сыныптарына оқушыларды іріктеу конкурсының нәтижелері


Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7 сыныптарына оқушыларды іріктеу конкурсының нәтижелері бойынша түсініктеме

 Конкурс нәтижелері бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану арқылы оқушылардың жауаптарын статистикалық өңдеу әдісімен алынды.

Аталған әдіс барлық халықаралық зерттеулерде қолданылады және тестілеудің нәтижелерін объективті және әділ бағалауды қамтамасыз етеді.   

 1 күн. Пәндік тест.

Пәндік тесттің ықтимал ең жоғарғы балы 1000 балға тең, оның ішінде:

1.     Математика – 400 б.;

2.     Қазақ тілі – 200 б.;

3.     Орыс тілі – 200 б.;

4.     Ағылшын тілі – 200 б.

Пәндік тесттің нәтижелерін өңдеу Нидерландыдағы Педагогикалық өлшеулер институтымен (Citо) жүргізілді.

 2 күн. Жаратылыстану-математикалық ғылымдарын зерделеу қабілетін бағалау тесті.

Қабілеттілік тесттің ықтимал ең жоғарғы балы 134 балға тең, оның ішінде:

1     тарау «Сандық сипаттамалар» - 60 балл;

2     тарау «Кеңістікте ойлау» - 74 балл.

Қабілеттілік тесттің нәтижелерін өңдеу АҚШ-дағы Джонс Хопкинс

Университетінің Дарынды жастар орталығымен (CTY) жүргізілді.

 

 «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі Республикалық комиссияның қарауына келесі үміткерлер жіберіледі:

-         пәндік тест бойынша математикадан ықтимал ең жоғары балдың 140 балл және одан да көп балын жинағандар;

-         қабілеттілік тест бойынша сандық сипаттамалардан ықтимал ең жоғары балдың 24 және одан да көп балын жинағандар жіберіледі.

 

ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы №317 қаулысының 10 тармағына сәйкес Республикалық комиссия «Өркен» білім беру грантын тағайындағанда бөлінген бос орындар шеңберінде келесі тұлғаларға басымдық береді:

-     пәндік тест бойынша анағұрлым жоғары балл жинағандарға;

-     пәндік тест бойынша жалпы балл саны тең болған жағдайда, математика бойынша неғұрлым жоғары балл жинаған үміткерлерге басымдық беріледі;

-     үміткерлердің математика бойынша жинаған балдары тең болған жағдайда жаратылыстану-математика ғылымдарын зерделеу қабілетін бағалау жөніндегі тест бойынша неғұрлым жоғары жалпы балл жинаған үміткерлерге басымдық беріледі.

 Құрметті ата-аналар!

Алфавиттік тізімдегі «Ескерту*» бағанындағы "жіберілді", "жіберілмейді" сөздері Назарбаев Зияткерлік мектептерінде оқу үшін "Өркен" білім беру грантын тағайындау жөніндегі Республикалық комиссия қарауына жіберуді білдіреді.

Конкурстың соңғы нәтижесі және грант тағайындау жөніндегі шешім Комиссия отырысында қабылданады.

Нәтиже

Зияткерлік мектеп
Алфавиттік Дәрежелік
РУС ҚАЗ РУС ҚАЗ
қ. Астана, Зияткерлік мектебі жүктеу жүктеу жүктеу жүктеу
қ. Астана, физика-математика бағытындағы мектебі жүктеу жүктеу  жүктеу  жүктеу
қ. Алматы, физика-математика бағытындағы мектебі  жүктеу  жүктеу  жүктеу  жүктеу
қ. Алматы, химия-биология бағытындағы мектебі  жүктеу  жүктеу  жүктеу  жүктеу
қ. Актау, химия-биология бағытындағы мектебі  жүктеу  жүктеу  жүктеу  жүктеу
қ. Актобе, физика-математика бағытындағы мектебі  жүктеу  жүктеу  жүктеу  жүктеу
қ. Атырау, химия-биология бағытындағы мектебі  жүктеу  жүктеу  жүктеу  жүктеу
қ. Караганда, химия-биология бағытындағы мектебі   жүктеу   жүктеу  жүктеу  жүктеу
қ. Кокшетау, физика-математика бағытындағы мектебі  жүктеу  жүктеу  жүктеу  жүктеу
қ. Костанай, физика-математика бағытындағы мектебі  жүктеу  жүктеу  жүктеу  жүктеу
қ. Кызылорда, химия-биология бағытындағы мектебі  жүктеу  жүктеу  жүктеу  жүктеу
қ. Павлодар, химия-биология бағытындағы мектебі  жүктеу  жүктеу  жүктеу  жүктеу
қ. Петропавловск, химия-биология бағытындағы мектебі  жүктеу  жүктеу  жүктеу  жүктеу
қ. Семей, физика-математика бағытындағы мектебі   жүктеу   жүктеу  жүктеу  жүктеу
қ. Талдыкорган, физика-математика бағытындағы мектебі  жүктеу  жүктеу  жүктеу  жүктеу
қ. Тараз, физика-математика бағытындағы мектебі  жүктеу  жүктеу  жүктеу  жүктеу
қ. Уральск, физика-математика бағытындағы мектебі  жүктеу  жүктеу  жүктеу  жүктеу
қ. Усть-Каменогорск, химия-биология бағытындағы мектебі  жүктеу  жүктеу  жүктеу  жүктеу
қ. Шымкент, физика-математика бағытындағы мектебі  жүктеу  жүктеу  жүктеу  жүктеу
қ. Шымкент, химия-биология бағытындағы мектебі  жүктеу  жүктеу  жүктеу  жүктеу

 


Қаралым: 35739
Жарияланған: 20 Сәуір