Конкурстық іріктеу қорытындылары

«Өркен» білім беру грантының иегерлерінің тізімі


«Өркен» білім беру гранты

2016 жылғы 31 тамыз күні Білім және ғылым Министрі Сағадиев Ерлан Кенжеғалиұлының төрағалығымен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің-Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия отырысы өткізілді.

Республикалық комиссия мүшелері 2016-2017 оқу жылында 7 сыныптан бастап Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Семей, Талдықорған, Тараз, Орал, Өскемен, Шымкент қалаларындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінде білім алуға резервтік тізімде тұрған 243 үміткердің құжаттарын қарастырды.

Сонымен қатар, 2016-2017 оқу жылында Өскемен қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқу қазақ тіліндегі 9 сыныбынан бастап білім алатын 8 үміткердің құжаттары қарастырылды.

Республикалық комиссия шешімімен 251 оқушы «Өркен» білім беру грантының иегері атанды. «Өркен» білім беру грантының иегерлерінің тізімі.

 


Қаралым: 5790
Жарияланған: 08 Қырқүйек