Конкурстық іріктеу қорытындылары

«Өркен» білім беру гранты


 

 

2016 жылғы 17 мамырда Министр Сағадиев Ерлан Кенжеғалиұлының төрағалығымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің-Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өткізілді.

Республикалық комиссия отырысында екі сұрақ қаралды.

Бірінші сұрақ бойынша Астана, Алматы, Ақтөбе, Көкшетау, Қостанай, Семей, Талдықорған, Тараз, Орал, Шымкент ққ. физика-математикалық бағыттағы және Ақтау, Алматы, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Өскемен, Шымкент ққ. химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің, Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 2016-2017 оқу жылына іріктеу конкурсының қорытындысы шығарылды.

Қабылдау комиссиясы «Өркен» грантын тағайындау конкурсына 16 052 үміткерден құжат қабылдады. Кешенді тестілеу нәтижелері бойынша «Өркен» грантын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияның қарауына 6 393 үміткер жіберілді.

Республикалық комиссия шешім қабылдау барысында келесі көрсеткіштерді ескерді:

1.      әр аймақта ең жоғары балл жинаған үміткерлердің саны;

2.      аймақтардың ерекшеліктері мен қазақ және орыс тілдеріндегі 6 сынып оқушыларының саны;

3.      мектептердің жобалық сыйымдылығы.  

Бірінші сұрақты қарастыру нәтижесінде 2016-2017 оқу жылынан бастап Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7 сыныптарында білім алу үшін 2 170 үміткер «Өркен» білім беру грантының иегері атанып, 4 223 үміткер келесі оқу жылына жарамды болатын резервтік тізімге бекітілді. Бос орындар жоқ.

 

Аймақтар шеңберінде конкурстық іріктеу нәтижесі бойынша пәндік тесттің ең жоғары балын жинаған осы жылдың 100 үміткерінің орташа балы

 

Мектеп

Үміткерлер саны

Орташа балдары

Рейтинг

1

Астана, ФМБ

845

878

1

2

Алматы, ФМБ

1510

870

2

3

Астана, НЗМ

688

868

3

4

Алматы, ХББ

1417

783

4

5

Семей, ФМБ

522

768

5

6

Актобе, ФМБ

831

760

6

7

Усть-Каменогорск, ХББ

362

759

7

8

Павлодар, ХББ

721

753

8

9

Караганда, ХББ

726

750

9

10

Шымкент, ФМБ

1089

741

10

11

Тараз, ФМБ

884

740

11

12

Атырау, ХББ

736

729

12

13

Уральск, ФМБ

728

727

13

14

Шымкент, ХББ

1260

723

14

15

Кокшетау, ФМБ

429

709

15

16

Актау, ХББ

780

705

16

17

Кызылорда, ХББ

1019

691

17

18

Талдыкорган, ФМБ

531

682

18

19

Петропавловск, ХББ

526

676

19

20

Костанай, ФМБ

448

655

20

 

Барлығы

16 052

748

 

  

Екінші сұрақ бойынша 2015-2016 оқу жылынан бастап Ақтау, Өскемен қалаларындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқу орыс тіліндегі 7 сыныптарында білім алу үшін резервтік тізімде тұрған 8 үміткердің ата-анасының өтініштері қарастырылды.

Екінші сұрақты қарастыру нәтижесі бойынша Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқу орыс тіліндегі 7 сыныбында білім алу үшін 1 үміткерге және Өскемен қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқу орыс тіліндегі 7 сыныбында білім алу үшін 1 үміткерге грант тағайындалды. Бос орындардың болмауына байланысты Өскемен қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқу орыс тіліндегі 7 сыныбында білім алу үшін өтініш тапсырған 6 үміткердің грант тағайындау туралы өтініштері қанағаттандырылмады.

Өркен гранты иегерлерінің тізімі

 Үміткерлердің резервтік тізімi


Қаралым: 6641
Жарияланған: 23 Мамыр