Конкурстық іріктеу қорытындылары

«Өркен» білім беру гранты


2016 жылғы 14 сәуір күні Білім және ғылым Министрі Сағадиев Ерлан Кенжеғалиұлының төрағалығымен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің-Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия отырысы өткізілді.

Республикалық комиссия мүшелері 2015-2016 оқу жылынан Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Семей, Талдықорған, Тараз, Орал, Шымкент қалаларындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7, 8, 9 сыныптарынан бастап білім алуға резервтік тізімде тұрған 65 үміткердің құжаттарын қарастырды.

Республикалық комиссия шешімімен 61 оқушы «Өркен» білім беру грантының иегері атанып, Өскемен қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектептің орыс тіліндегі 7 сыныпта бос орынның болмауынан 4 үміткердің грант тағайындау туралы өтініштері қанағаттандырылмайды.

Өркен білім беру грантының иегерлері жүктеу


Қаралым: 7091
Жарияланған: 20 Сәуір