Конкурстық іріктеу қорытындылары

«Өркен» білім беру гранты


2015 жылғы 28 желтоқсанда Министр Саринжипов Аслан Бәкенұлының төрағалығымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің-Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия отырысы өткізілді.

Республикалық комиссия мүшелері Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Семей, Талдықорған, Тараз, Өскемен, Шымкен қалаларындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7, 8, 9 сыныптарында білім алатын резервтік тізімде тұрған 395 үміткердің құжаттарын қарастырды.

Республикалық комиссия шешімімен 392 оқушы «Өркен» білім беру грантының иегері аталып, бос орынның жоқтығынан 3 үміткерге грант тағайындау туралы өтініштер қанағаттандырылмады.

Өркен білім беру грантының иегерлері жүктеу


Қаралым: 3901
Жарияланған: 05 Қаңтар