Конкурстық іріктеу қорытындылары

«Өркен» білім беру гранты


2015 жылғы 9 маусымда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің-Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия отырысы өткізілді.

Республикалық комиссия мүшелері Астана, Алматы, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қызылорда, Орал, Өскемен, Павлодар, Семей, Тараз, Шымкент қалаларындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7 сыныптарында білім алатын резервтік тізімде тұрған 50 үміткердің құжаттарын қарастырды.

Республикалық комиссия шешімімен 44 оқушы «Өркен» білім беру грантының иегері аталды. Бос орынның жоқтығынан Өскемен қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде білім алуға өтініш білдірген 6 үміткердің грант тағайындау туралы өтініштері қанағаттандырылмады.

«Өркен» білім беру грантың иегерлері жүктеу


Қаралым: 3197
Жарияланған: 16 Қырқүйек