Конкурстық іріктеу қорытындылары

Ақтау, Алматы және Петропавл қалаларындағы Назарбаев Зияткерлік мектептердің 7 сыныптарына оқушыларды іріктеу конкурсының нәтижелері


Құрметті ата-аналар!
 

Конкурстық іріктеу нәтижелері «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі Республикалық комиссия қарауына жіберіледі. Конкурстың соңғы нәтижесі және грант тағайындау жөніндегі шешім Комиссия отырысында қабылданады.

 

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7 сыныптарына оқушыларды іріктеу конкурсының нәтижелері бойынша түсініктеме

 

Конкурс нәтижелері бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану арқылы оқушылардың жауаптарын статистикалық өңдеу әдісімен алынды.

Аталған әдіс барлық халықаралық зерттеулерде қолданылады және тестілеудің нәтижелерін объективті және әділ бағалауды қамтамасыз етеді.  

1 күн. Пәндік тест.

Пәндік тесттің ықтимал ең жоғарғы балы 1000 балға тең, оның ішінде:

1.     Математика – 400 б.;

2.     Қазақ тілі – 200 б.;

3.     Орыс тілі – 200 б.;

4.     Ағылшын тілі – 200 б.

Пәндік тесттің нәтижелерін өңдеу Нидерландыдағы Педагогикалық өлшеулер институтымен (Citо) жүргізілді.

2 күн. Жаратылыстану-математикалық ғылымдарын зерделеу қабілетін бағалау тесті.

          Қабілеттілік тесттің ықтимал ең жоғарғы балы 134 балға тең, оның ішінде:

1     тарау «Сандық сипаттамалар» - 60 балл;
2     тарау «Кеңістікте ойлау» - 74 балл.
Қабілеттілік тесттің нәтижелерін өңдеу АҚШ-дағы Джонс Хопкинс

Университетінің Дарынды жастар орталығымен (CTY) жүргізілді.

 

 «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі Республикалық комиссияның қарауына келесі үміткерлер жіберіледі:

-         пәндік тест бойынша математикадан ықтимал ең жоғары балдың 140 балл және одан да көп балын жинағандар;

-         қабілеттілік тест бойынша сандық сипаттамалардан ықтимал ең жоғары балдың 24  балл және одан да көпбалын жинағандар жіберіледі.

 

ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы №317 қаулысының 10 тармағына сәйкес Республикалық комиссия «Өркен» білім беру грантын тағайындағанда бөлінген бос орындар шеңберінде келесі тұлғаларға басымдық береді:

-     пәндік тест бойынша анағұрлым жоғары балл жинағандарға;

-     пәндік тест бойынша жалпы балл саны тең болған жағдайда, математика бойынша неғұрлым жоғары балл жинаған үміткерлерге басымдық беріледі;

-     үміткерлердің математика бойынша жинаған балдары тең болған жағдайда жаратылыстану-математика ғылымдарын зерделеу қабілетін бағалау жөніндегі тест бойынша неғұрлым жоғары жалпы балл жинаған үміткерлерге басымдық беріледі.

Ақтау ХББ 7 қаз алфавитті тізім

Ақтау ХББ 7 қаз сараланған тізім

Актау ХБН 7 рус алфавитный список

Актау ХБН 7 рус ранжированный список

Алматы ХББ 7 қаз алфавитті тізім

Алматы ХББ 7 қаз сараланған тізім

Алматы ХБН 7 рус алфавитный список

Алматы ХБН 7 рус ранжированный список

Петропавл ХББ 7 қаз алфавитті тізім

Петропавл ХББ 7 қаз сараланған тізім

Петропавловск ХБН 7 рус алфавитный список

Петропавловск ХБН 7 рус ранжированный список


Қаралым: 6956
Жарияланған: 17 Шілде