Конкурстық іріктеу қорытындылары

«Өркен» білім беру гранты


2015 жылғы 28 сәуірде Министр Саринжипов Аслан Бәкенұлының төрағалығымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің-Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия отырысы өткізілді.
Республикалық комиссия Ақтөбе, Алматы, Астана, Көкшетау, Қостанай, Семей, Талдықорған, Тараз, Орал, Шымкент қалаларындағы физика-математикалық және Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Өскемен, Шымкент қалаларындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінде, Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2015-2016 оқу жылына іріктеу конкурсының қорытындысын шығарды.
Қабылдау комиссиясының нәтижесі бойынша «Өркен» грантын тағайындау конкурсына 11 334 үміткер құжат тапсырған.
Республикалық комиссия мүшелерінің қарауына шектеулі балл жинаған барлық үміткерлердің құжаттары мен Қостанай, Орал қалаларындағы физика-математикалық және Павлодар, Петропавл, Өскемен қалаларындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7 сыныптарында білім алу үшін резервтік тізімде тұрған 10 үміткердің құжаттары ұсынылды.
Республикалық комиссия шешімімен 2 065 оқушы «Өркен» білім беру грантының иегері аталса, 4 076 үміткер резервтік тізімге енді. Бос орындар саны - 6.
 

Список обладателей гранта Первого Президента Республики Казахстан-Лидера Нации "Өркен" На обучение в Назарбаев Интеллектуальной школе физико-математического направления г. Астаны с 2015-2016 учебного года
 

Резервный список претендентов для присуждения образовательного гранта Первого Президента Республики Казахстан - Лидера Нации "Өркен" на обучение в Назарбаев Интеллектуальных школах с 2015-2016 учебного года


Қаралым: 5579
Жарияланған: 30 Сәуір