Конкурстық іріктеу қорытындылары

Алматы (ФМБ) және Қостанай қалаларындағы Назарбаев Зияткерлік мектептердің 7 сыныптарына оқушыларды іріктеу конкурсының нәтижелері


Алматы қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде білім алу үшін конкурсқа қатысқан үміткерлер мен олардың ата-аналарының назарына!

Конкурстық іріктеу нәтижелері «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі Республикалық комиссия (бұдан әрі-Комиссия) қарауына жіберіледі. Конкурстың соңғы нәтижесі және грант тағайындау жөніндегі шешім Комиссия отырысында қабылданады. Комиссия отырысын өткізу 2014 жылғы тамыз айының соңына (20 тамыздан кейін) жоспарланып отыр.

Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7 сыныптарына оқушыларды іріктеу конкурсының нәтижелері бойынша түсініктеме  

Конкурс нәтижелері бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану арқылы оқушылардың жауаптарын статистикалық өңдеу әдісімен алынды.  

Аталған әдіс барлық халықаралық зерттеулерде қолданылады және тестілеудің нәтижелерін объективті және әділ бағалауды қамтамасыз етеді.     

1 күн. Пәндік тест.

Пәндік тесттің ықтимал ең жоғарғы балы 1000 балға тең, оның ішінде:

1.     Математика – 400 б.;

2.     Қазақ тілі – 200 б.;

3.     Орыс тілі – 200 б.;

4.     Ағылшын тілі – 200 б.

Пәндік тесттің нәтижелерін өңдеу Нидерландыдағы Педагогикалық өлшеулер институтымен (Citо) жүргізілді.   

2 күн. Жаратылыстану-математикалық ғылымдарын зерделеу қабілетін бағалау тесті.

          Қабілеттілік тесттің ықтимал ең жоғарғы балы 134 балға тең, оның ішінде:

1     тарау «Сандық сипаттамалар» - 60 балл;

2     тарау «Кеңістікте ойлау» - 74 балл.

Қабілеттілік тесттің нәтижелерін өңдеу АҚШ-дағы Джонс Хопкинс

Университетінің Дарынды жастар орталығымен (CTY) жүргізілді.  

ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы №317 қаулысының 9 тармағына (бұдан әрі - Қаулы) сәйкес «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі Республикалық комиссияның қарауына келесі үміткерлер жіберіледі:

-         пәндік тест бойынша математикадан ықтимал ең жоғары балдың 140 балл және одан да көпті құрайтын, яғни отыз бес және одан да көп пайызын жинағандар;

-         қабілеттілік тест бойынша сандық сипаттамалардан ықтимал ең жоғары балдың 24 және одан да көп балын құрайтын, яғни қырық және одан да көп пайызын жинағандар жіберіледі.  

Қаулының 10 тармағына сәйкес Республикалық комиссия «Өркен» білім беру грантын 7-сыныпта оқуға үміткерлерге грант тағайындағанда бөлінген бос орындар шеңберінде келесі тұлғаларға басымдық береді:

-     пәндік тест бойынша анағұрлым жоғары балл жинағандарға;

-     пәндік тест бойынша жалпы балл саны тең болған жағдайда, математика бойынша неғұрлым жоғары балл жинаған үміткерлерге басымдық беріледі;

-    үміткерлердің математика бойынша жинаған балдары тең болған жағдайда жаратылыстану-математика ғылымдарын зерделеу қабілетін бағалау жөніндегі тест бойынша неғұрлым жоғары жалпы балл жинаған үміткерлерге басымдық беріледі.

7 сынып қазақ тілі Алматы ФМБ

7 сынып орыс тілі Алматы ФМБ

7 сынып қазақ тілі Қостанай ФМБ

7 сынып орыс тілі Қостанай ФМБ


Қаралым: 8092
Жарияланған: 28 Шілде