Түлектер қауымдастығы

Астана қаласында Назарбаев Зияткерлік мектептері түлектерінің Қауымдастығы құрылды


Астана қаласында Назарбаев Зияткерлік мектептері түлектерінің Қауымдастығы  құрылды. Ұйым  Назарбаев университеті жанында жұмыс жасайды және беделді жоғары оқу орнының түрлі кезеңдерде Назарбаев  Зияткерлік мектептерін бітірген 80 студентінің басын қосып отыр.

Қауымдастықтың мақсаты Зияткерлік  мектептерінде әлі оқып жүрген және студенттік өмірге қадам басуды мақсат тұтқан жоғары сынып оқушыларына қажетті қолдау көрсетіп,  оларға жәрдем жасау.

Қозғалыстың белсенділерімен кездесу 2012 жылдың 27 қыркүйегінде Назарбаев Университетінде өтті. Кездесу «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма Төрайымы Күляш Шәмшидинованың қатысуымен өтті. Жаратылыстану-математика саласына басымдық беретін ең қуатты мектептер желісінің жетекшісі бастама көтерушілерді жаңа жобалар жасауға, оқушылармен және түлектермен жұмыс істеудің  креативті бағыттарына қарай бет бұруға үндеді.  Сонымен бірге Күләш Ноғатайқызы  ұйымның  қанатын кең жаюына, бастаған істерінің жемісті болуына тілектестік білдірді.   

Назарбаев Зияткерлік мектептері  түлектерінің  қауымдастығы бастамашылардың ойынша  алдағы уақытта  өз қатарларын толықтырып, қуатты жастар қозғалысына айналуы керек. Жыл сайын Назарбаев Зияткерлік  мектептерін әлемге танымал жоғары оқу орындарына түсуге ниетті жүздеген оқушылар бітіреді. Осы іріктеу кезеңдері мен университетке түсудің алдындағы қарбаластар артта қалған, қауымдастық мүшелері түлектерге  бағалы кеңестер беріп, ЖОО-на  түсуге дайындық бойынша ұсыныстар  береді.

Айтпақшы,  қазіргі таңда жастар  елордалық  Назарбаев  Зияткерлік  мектептерінің оқушыларына  көмектесіп жүр, бұл өз кезегінде Қазақстанның барлық өңірлерінде ашылатын Зияткерлік мектептерінің әрбір оқушысына пайдалы болады деген сенімде. 

Қазіргі күні Қауымдастықтың өз жарғысымен логотипі бар. Жарғының  негізгі талаптарының бірі жаңа идеялар мен ұсыныстарға ашық болу. Қауымдастық логотипі Назарбаев Зияткерлік мектептерінің логотипіне ұқсас - бұл  құнарлы топырақта өсіп келе жатқан, қуатты сабағы бар және жақсы өнім беретін өскіннің бейнесі. 

Назарбаев Зияткерлік мектептері түлектері Қауымдастығының веб-парақшасын ВКонтакте - «Nis Alumni Association» мекен-жайынан табуға болды.  


Қаралым: 22639
Жарияланған: 10 Сәуір