Оқушылардың жетістіктері

Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектеп оқушыларының жеңісі


2015 жылы наурыз айының 13-18 аралығында Орал қаласында жаратылыстану-математикалық бағыттағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІV кезеңі өтті. Республикалық олимпиадаға біздің мектебіміздің оқушылары да қатысқан болатын. Математика пәні бойынша 8-сынып оқушысы Пак Артур; 11-сынып оқушылары Ким Дмитрий, Пак Георгий, Жумажанов Дастан; Физика пәні бойынша 9-сынып оқушысы Дикун Дмитрий, 


11-сынып оқушысы Рудич Игорь; Информатика пәні бойынша 9-сынып оқушысы Козлов Андрей; Биология пәні бойынша 9-сынып оқушылары Калачева Надежда, Адылхан Арай; Химия пәні бойынша 9-сынып оқушысы Моргунов Антон; 12-сынып оқушысы Шахман Дінмұхамед қатысты. Зияткерлік сайыста мектеп командасы өз білімдерін жоғары дәрежеде көрсетті. 

Олимпиада қорытындысы бойынша информатика пәнінен Козлов Андрей І орын иеленіп, алтын медаль жеңіп алды; Математика пәні бойынша Пак Артур, Пак Георгий және Жумажанов Дастан ІІІ орын иеленді, қола медаль алды; Химия пәні бойынша Моргунов Антон және биология пәні бойынша Адылхан Арай ІV орын иеленіп,  Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министірлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды. 
 

Қаралым: 1041
Жарияланған: 30 Наурыз