Оқушылардың жетістіктері

«Өнерім-өмірім»


Ұлы Жеңістің 70 жылдығына, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына және Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына орай І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында «Өнерім-өмірім» атты Республикалық вокалды-хореографиялық байқау өтті.

Байқаудың мақсаты елімізде тұратын әр түрлі ұлт өкілдерінің биін таныстыру, қатысушылардың орындаушылық шеберліктерін дамыту, шығармашылық деңгейін көтеру және олардың эстетикалық талғамдарын қалыптастыру болып табылады. 


Республикалық байқауға 11 би ұжымы, 10 әнші, 7 вокалды-хореографиялық топтар қатысты. Байқауға хореограф Муртазалиев Асланның жетекшілігімен Назарбаев Зияткерлік мектебінің би ұжымы өз өнерлерін ортаға салды. Олар «Лезгинка» биін биледі. Оқушылардың орындаған биіне көрермендер тәнті болды. Байқауға қатысушылардың өнері бірнеше критерий бойынша   бағаланды. Олар: орындаушылық шеберлік, әртістік, үздік нөмір, сахналық мәдениет. 
«Өнерім-өмірім» атты Республикалық вокалды-хореографиялық байқаудың қорытындысы бойынша Назарбаев Зияткерлік мектебінің би ұжымы «Хореография» номинациясы бойынша үздік орындаушылық шеберлік үшін І орынға ие болды.
 

Қаралым: 765
Жарияланған: 30 Наурыз