Оқушылардың жетістіктері

Робототехника бойынша II Республикалық олимпиада жеңімпаздары


Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Сартбаев Ратмир, Талғат Бек, Алексеев Анатолий және робототехника пәнінің мұғалімі Авдюнин Николайдың жетекшілігімен WRO – 2015 робототехника бойынша Республикалық олимпиадада II орын иеленді. Астана қаласында өткен Республикалық олимпиадаға Қазақстан бойынша 150- астам оқушы қатысты.


ДББҰ «Назарбаев Зияткерлік мектептері» басқарма төрағасының орынбасары Испусинова Светлана Багитовнаның сөзіне сүйенсек, олимпиада ХАТУ (Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің) көмегімен өтті. Жарыс сегіз категориядан тұрды, біздің балаларымыз қазылар алқасына мұнайды табуға арналған «Роботтандырылған мұнайды барлайтын платформа» деп аталатын шығармашылық жоба ұсынды.

Оқушылардың сөзіне сүйенсек, аталған жоба потенциялдық-қауіпті аймақтарда мәселен, шөлді жерлерде немесе Антрактидада мұнай кен орнын табуға арналған. Робот автономды режимде белгілі бір территорияны зерттеуге қабілетті және мұнай кен орны бар аймақтарды анықтай алады. Ұңғыманы бұрғылау жұмыстарын жасайды, сонымен қатар өзінің арнайы сорғыштары арқылы мұнай құрамы мен сапасын игеру үшін мұнай түрлерін өндіреді. 

«Олимпиада өте қызықты өтті, біз еліміздегі мықты командалармен жарысқа түстік. Барлық презентацияларымыз ағылшын тілінде дайындалды, біздің жетекшіміз Николай Владимировичтің арқасында біз бәріне дайын болдық. Біз еңбегіміздің нәтижесіне ризамыз...»- деп, жеңімпаздарымыз өз ойларымен бөлісті. Жарыс қорытындысы бойынша әр категорияда бір-бірден сегіз команда жеңімпаз атанды. 9С және 10С сынып оқушылары Сартбаев Ратмир мен Талғат Бекке Халықаралық ақпараттық технологиялар университетіне оқуға білім гранты табысталды. Енді олар еліміздің абыройын қараша айында Катар қаласында өтетін WRO – 2015 Халықаралық олимпиадада қорғайды.

Қаралым: 862
Жарияланған: 30 Наурыз