Оқушылардың жетістіктері

«Балауса белесі» жыр жинағы жарық көрді


Ақындық өнер талант пен шабыттың тамаша үйлесуімен туатын ерекше өнер. Бүгінде жастардың ақындық өнерге, шығармашылыққа, білімге деген ынталары зор.  Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы  Назарбаев Зияткерлік мектебінің кітапханасында  қазақ өлеңінің өркендеуіне өзіндік үлес қосып жүрген жастардың бірі, мектебіміздің түлегі, әлеуметтік жобалардың белсенді мүшесі, «Википедия»  клубының бірінші Президенті, жас ақын


Құдайберген Дәулеткерей Көптілеуұлының «Балауса белесі» атты өлеңдер жинағының тұсаукесер рәсімі өтті. Мұндай рәсім біздің мектебіміздің тарихында алғаш рет болып отыр. Жинаққа ақынның 100-ге жуық өлеңі енді. Дәулеткерей алғашқы өлеңін 8  жасында  ұстазына арнап жазған болатын. Бұл жинақ мектеп әкімшілігінің қолдауымен басылып шықты.

«Өлең жазардың алдында үлкен бір шабыт сезім ұялағандай болды. Сол шабыт, музаның арқасында бүгінгі күнге дейін көптеген халық қалауынан шыққан жақсы өлеңдерім бар»-деп, жас ақын өз пікірін білдірді. Кітаптің тұсаукесер рәсіміне Дәулеткерейдің достары, мұғалімдері, сыныптастары, сонымен қатар анасы Қасымжан Ақжолтай Райымбекқызы да қатысты. 
«Әрбір ата-ана баласының жетістігіне қуанады. Мектептің әкімшілігіне, мұғалімдеріне өз ризашылығымды білдіремін. Жас дарынды балаларға қолдау көрсетіп, олардың шығармашылық қабілеттерінің дамуына жағдай жасап отырсыздар, сондықтан, сіздерге деген  алғысым шексіз»-деп, жылы лебізін білдірді Ақжолтай апа. 
 

Қаралым: 905
Жарияланған: 30 Наурыз