Оқушылардың жетістіктері

Жас ғалымдардың ІХ Республикалық «Экология бойынша бизнес жоба» сайысында Гран-при


2015 жылы 13 және 14 мамырда Алматы қаласында өткен Жас ғалымдардың ІХ Республикалық бизнес жобалары сайысында Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7 «B» сынып оқушысы Ашим Диана «Экологиялық туризм және туған өлке тарихы» тақырыбындағы жобасымен «Ең үздік инновациялық жоба» ретінде танылып, осы сайыста Гран-при сыйлығын жеңіп алды.


Сонымен қатар Дианаға конкурсты ұйымдастырушы «Жастар жетістігі» («Junior Achievement») Альтернативті білім беру Қоғамдық Қорының атынан естелік сыйлықтар және сайыстың демеушісі «Chevron-Munai» компаниясының атынан жобаны жүзеге асыру үшін құны 170 000 теңгені құрайтын чек тапсырылды. Диананың ғылыми жетекшісі, тарих пәні мұғалімі Әлжан Бахыт Әмірбекқызы алғыс хатпен марапатталды.

Бұл байқауға барлығы 12 аймақтан 128 жоба келіп түсті. Жұмыстар келесі критерийлер бойынша бағаланды: өзектілігі мен нақты тәжірибелік, әлеуметтік мәні бар нәтижеге бағытталғандығы, өзіндік ерекшелігі мен жаңашылдығы, жоба шынайылығы мен тұрақтылығы, іске асыру жоспары мен жұмыс кестесінің болуы, идеядан енгізуге дейін өзіндік әзірлемесі, жеке ресурстар қолдануы, басқа да тұлғалар мен ұйымдармен ынтымақтастығы, қаржыландырудың негізділігі мен шынайылығы.  


Қаралым: 798
Жарияланған: 30 Наурыз