Оқушылардың жетістіктері

Негізгі пәндер бойынша Халықаралық олимпиаданың қола жүлдегері


Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің бастауыш сынып оқушылары жыл сайын негізгі пәндер бойынша сырттай өтетін Халықаралық олимпиадаға белсенді қатысып келеді. Бейкоммерциялық дербес ұйымның ұйымдастырушылары «Орал федералдық аймақ мұғалімдер үйі», Ресей, Екатеринбург. Олимпиадаға Қазақстан, Ресей, Беларусия, Германия, Таджикистан, Украина, Турік,Чехия мемлекеттерінен келген оқушылар қатысты. 


Биылғы жылы Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінен 203 оқушы қатысты. Оларға 6 пән бойынша таңдау ұсынылды. 1-4 сыныптарының оқушылары математика, информатика, ағылшын, орыс тілдері, әдебиет, қоршаған орта пәндері бойынша өз білімдерін сынады. 5- сынып оқушылары үш пән таңдады.

Олар: математика, ағылшын, информатика. Олимпиада бір жыл бойы өтті, үш кезеңнен тұрды. 

Негізгі пәндер бойынша Халықаралық олимпиаданың қорытындысында финалға 5-сыныптан 45 оқушы өтті. 5С сыныбының оқушысы Сайлібеков Әділ ағылшын тілі пәнінен қола медальмен марапатталды, ал 23 оқушы 1,2,3 дәрежелі дипломдарға ие болды.


Қаралым: 1026
Жарияланған: 16 Қазан