Оқушылардың жетістіктері

V Республикалық астрономиялық турнирдің жүлдегерлері


Оқушылардың астрономия, физика ғылымына, ғарыштық білімге деген қызығушылығын, Ғарыш туралы және ғарыштық технологиялар туралы ілімді тәжірибеде қолдана білуге үйрету, талантты оқушыларды анықтау мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Бөбек» ҰҒПББСО жыл сайын республика оқушылары арасында астрономиялық турнир өткізіп келеді. 2015 жылы 4-10 қазанда Алматы қаласында «Бөбек»  ҰҒПББСО-да V Республикалық Астрономиялық турнир өткізілді.


Турнирге республика бойынша Ақмола, Жамбыл, Қарағанды, Алматы, Қызылорда, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарынан, Алматы және Астана қалаларынан 19 команда қатысты. Алматы қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінен 4 оқушыдан тұратын 8-9 сынып оқушыларынан құралған команда қатысып, жүлделі ІІІ орынды иеленді. Турнирдің салтанатты жабылуында команда мүшелері ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды:

– Анапияев Санжар, 9А сынып оқушысы; 

– Тынышбек Ерасыл, 9А сынып оқушысы;

– Нокенов Жасулан, 8Е сынып оқушысы;

– Нагашпеков Адильмурат, 8Е сынып оқушысы.


Қаралым: 1010
Жарияланған: 12 Қазан