Оқушылардың жетістіктері

Бекарыс Асланбекұлы дойбыдан әлем біріншілігінде ең үздік атанды


Ақтөбе қ. «физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің» оқушысы 24 қырқүйек пен 6 қазан аралығында Сочи қаласында өткен орыс дойбысының XXIV әлем біріншілігіне қатысқан болатын. Бұл біріншілікке Ресей, Қазақстан, Украина, Абхазиямен қатар басқа мемлекеттердің ең үздік дойбы ойыншылары қатысты.         


9 «B» класс оқушысы Бекарыс Асланбекұлы тамаша ойын көрсетіп, екі бірінші орын және бір екінші орын жеңіп алды:

1 орын – негізгі және жылдам ойын номинациясы бойынша,

2 орын – өте жылдам ойын ойын номинациясы бойынша.

10 жасынан бастап дойбымен айналысып жүрген Бекарыс, 13 жасында спорт шеберіне үміткер атанған.


Қаралым: 1347
Жарияланған: 12 Қазан