Баспасөз-релиздер

«Өркен» білім беру гранты


2016 жылғы 11 қараша күні Білім және ғылым Министрі Сағадиев Ерлан Кенжеғалиұлының төрағалығымен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің-Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия отырысы өткізілді.

Республикалық комиссия мүшелері 2016-2017 оқу жылында 7 сыныптан бастап Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Семей, Талдықорған, Тараз, Орал, Өскемен, Шымкент қалаларындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінде білім алуға резервтік тізімде тұрған 677 үміткердің құжаттарын қарастырды.

Республикалық комиссия шешімімен 672 оқушы «Өркен» білім беру грантының иегері атанып, Өскемен қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектептің орыс тіліндегі 7 сыныпта бос орынның болмауынан 5 үміткердің грант тағайындау туралы өтініштері қанағаттандырылған жоқ.

Білім беру грантының иегерлері


Қаралым: 516
Жарияланған: 16 Қараша