Баспасөз-релиздер

БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ


2015 жылдың 24 наурызында сағ. 10.00-де Астана қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде (сол жағалау, 31 көше, 37 үй) «Ғылымның ғажайып әлемі» тақырыбында V «Наурыз кездесулері» іс-шарасының ресми ашылуы өтеді.

Жыл сайынғы Наурыз кездесуіне қатысушыларды «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова құттықтайды.

Дәстүрлі ғылыми кездесуге Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 160-тан астам оқушысы, сондай-ақ жалпы білім беру мектептеріндегі балалар қатысады.

Үстіміздегі жылы Наурыз кездесулері бесінші рет өткізілгелі отыр, бұл бүгінгі таңда балалардың жаратылыстану ғылымдарына деген қызығушылықтарының артуының айғағы.

V Наурыз кездесуі төрт секцияға бөлініп жұмыс жасайды. Наурыз кездесулері шеңберінде өтетін барлық іс-шаралар, баяндамалар, секциялар мен көрмелер мектеп оқушылары алдында ғылымның жан-жақты әлемін толықтай ашуға бағытталған. 

Қазақстан, Ресей, ОАР, Германия, Оңтүстік Корея, Сингапур, Ұлыбритания және басқа да елдердің ғалымдары ғылымның жан-жақты шексіз әлемін балаларға таныстыратын болады.     

Іс-шарада физикадан эксперименттер, математикалық жұмбақтар, химиялық және биологиялық тәжірибелер көрініс табады. Мысалы, Ұлыбританиядан келген ғалым, оқытушы және тележүргізуші Эмили Гроссман биологиялық процестерді түсіндіре отырып, эксперимент өткізеді. Оңтүстік Кореялық дарынды балаларды дамыту бойынша сарапшы Ким Бёнг О өнертапқыштық ойлау туралы баяндама оқиды.

Сондай-ақ отандық ғалымдар да өз тәжірибелерімен бөліседі. Назарбаев университетінің ғылыми қызметкері Айдар Сералин балалармен химия әлеміне саяхат жасаса, техникалық ғылымдар магистрі Бауржан Негметжанов балаларға тұқым қуалаушы аурулардың гендік терапиясы жайында сөз етпек. Сонымен қатар, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары   дәрістер циклін дайындаса, Зияткерлік мектеп мұғалімдері робототехниканы  меңгеруге үйретеді.

«Ғылыми Эрмитаж» Наурыз кездесуінің жаңалығы болмақ. Эрмитаж мұражайындағы секілді бұл «Ғылыми Эрмитажда» жас дарындардың жобалық жұмыстары көрсетіледі.    

2015 жылдың 26 наурызында V «Наурыз кездесулері» шарасының жабылу салтанатында «Ғылыми Эрмитаж» жеңімпаздары марапатталады. Сонымен бірге «Математика және шахмат» кітабының авторы, астаналық Әсия Утжанова, талдықорғандық жас ақын, 100-ден аса өлеңнің авторы  Дәулеткерей Құдайбергенов, энергияның жаңару көздері бойынша ғылыми конференцияның қатысушысы өскемендік Ілияс Бекпаев  оқушылар алдында өз табыстарымен бөліседі.    

Өткізілетін орны: Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, 31 көше, 37 үй  

Іс-шараның басталуы: 2015 жылғы 24 наурыз, сағ. 10.00-де  

Баспасөз қызметі: Алия Ахметова 87021085222, Айгерим Кали 87011100700, 235700, ішкі 10277


Қаралым: 2024
Жарияланған: 20 Наурыз