Баспасөз-релиздер

БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ


2014 жылдың 27-30 қаңтары аралығында 14 облыста, Астана мен Алматы қалаларында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандарты (әрі қарай – ҚР МЖМБББС) жобасының негізгі ережелерін түсіндіру жөнінде республикамыздың педагогикалық қауымдастығымен кездесулер өткізілді. Түсіндіру жөніндегі топтар құрамына ҚР Білім және ғылым министрлігі (әрі қарай – ҚР БҒМ), «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ (әрі қарай - ДББҰ), Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы (әрі қарай - ҰБА) өкілдері енді. Жаңа МЖМБББС жобасын талқылауға облыстық білім беру басқармалары, аудандық білім беру бөлімдерінің басшылары мен қызметкерлері, «Ұлттық «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығы» акционерлік қоғамы филиалдарының қызметкерлері, бастауыш сынып мұғалімдері, мектепке дейінгі мекемелердің қызметкерлері, бірқатар ЖОО, колледждердің өкілдері және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Кездесуге қатысушыларға орта білім мазмұнын жүйелі жаңарту қажеттілігінің дәйектемесі ұсынылды және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандарты жобасының ерекшеліктері түсіндірілді. Жаңа МЖМБББС ұқсас негізгі құжаттар әзірлеудегі жалпы әлемдік үдеріске сай дайындалды. «Өмірлік білім алу» парадигмасының «өмір бойы білім алу» парадигмасына ауысуын талап ететін әлемдік білім беру тәжірибесіндегі уақыт талаптары мен инновациялар есепке алынды. 

Стандарттың нәтижеге бағыттылығы оның басты ерекшелігі болып табылады, мұнда: 

·                   мектептегі білім беру құндылықтары; 

·             мектептен «шығу» кезіндегі білім беру нәтижелері және білім беру салалары бойынша күтілетін нәтижелер;

 ·                   бастауыш білім деңгейіне арналған білім беру мазмұны; 

·                   оқу нәтижелерін бағалау жүйесі; 

·                   білім беру үрдісін ұйымдастыру ерекшеліктері айқындалған. 

Кездесуге қатысушыларға жаңа Стандартты жүзеге асыру механизмі мен мұғалім жұмысының нұсқаулығы болып табылатын пәндер бойынша оқу бағдарламалары мен жоспарларының құрылымы егжей-тегжейлі ұсынылды. Білім беру салалары бойынша мазмұн мен пәндерді оқыту тәсілдерінің ерекшеліктері айқындалды. 

·     жаңа оқу бағдарламалары бойынша тілдік пәндерді оқу ерекшеліктері (бірінші тіл мен әдебиеттің кіріктірілуі, екінші және үшінші тілдің еуропалық біліктілік шеңберіне сәйкес деңгейлі оқытылуы, тілдерді сөйлеу іс-әрекетінің төрт дағдысын дамыту арқылы үйрену); 

· «Дүниетану» пәні мәртебесінің негізгі және жоғарғы мектептегі қоғамдық-гуманитарлық пәндерінің пропедевтикалық курсы ретінде өзгеруі; 

·     жаңа «Ғылымға кіріспе», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», сонымен қатар кіріктірілген «Өнер» пәндерін енгізу қажеттілігі және оқыту ерекшеліктері;

 ·     жаңа критериалдық бағалау жүйесінің ерекшеліктері;

 ·     орта білім мазмұнын сатылай ішінара жаңартуды енгізу шарттары; 

·     мұғалімдерді орта білім берудің жаңартылған мазмұнымен жұмыс істеуге дайындау жөніндегі шаралар жан-жақты түсіндірілді. 

Республикамыздың педагогикалық қауымдастығы күтілетін нәтижеге және оқушыларда кең ауқымды дағдыларды дамытуға бағытталған жаңа Стандарт жобасында қарастырылған жаңартылған орта білім мазмұнына оң көзқарас білдірді. Кездесуге қатысушылар «білімге негізделген» білім беру моделінің орнына «оқушыға негізделген» модельдің енгізілуінің уақыттылығын атап өтті. 

Қазір жұмыс тобы стандарт жобасын талқылау барысында келіп түскен сұрақтар мен ұсыныстарды қарастыруда.  Бұл топ құрамында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА ғалымдары, әдіскерлері және жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері жұмыс істеуде. 

Әрі қарай МЖМБББС жобасымен педагогикалық ЖОО мен колледждері, бизнес-құрылымдар, бұқаралық ақпарат құралдары, үкіметтік емес ұйымдар, ата-ана қауымдастығының өкілдері танысады. Кездесулер барысында жасалатын ұсыныстар мен ұсынымдар МЖМБББС-ты қайта өңдеу кезінде есепке алынады. 


Қаралым: 2828
Жарияланған: 17 Ақпан