Жаңалықтар

Критериалды бағалау: теориядан тәжірибеге

Педагогикалық өлшеулер орталығының Критериалды бағалау мамандары Өскемен және Семей қалаларында жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау мәселелеріне арналған семинар өткізді.
05 Қараша

Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы өз бизнесін жүзеге асырғанға екі миллион теңге жеңіп алды

Тараз қаласындағы Зияткерлік мектебінің он екінші сынып оқушысы Дана Құрманбек құрғақ сарысуды өндіретін бизнес-жобасын жүзеге асыруға екі миллион теңге ұтып алды. Оның бизнес-бастамасын «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында қолдады.
28 Қазан

ALUMNI – NIS өкілдері

«ALUMNI NIS немесе мұғалімдер түлектердің мектептен кейінгі өмірін қалай өзгертеді» бөлімінде Назарбаев Зияткерлік мектептерінің түлектері авторлық білім беру жобаларын ұсынды.
28 Қазан

Нұр-Султан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Назарбаев Зияткерлік мектептерінің түлектерміен кездесті

Нұр-Султан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Назарбаев Зияткерлік мектептерінің түлектерміен кездесті, – бұл туралы елорда басшысы өзінің инстаграмдағы парақшасына жариялады.
28 Қазан

Мұғалім – мамандық атаулының төресі

Елордада Қазақстанның ең үздік педагогтарының басын қосқан «Мектеп әлемін өзгертетін ұстаздар» атты XI халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция мәресіне жетті. Екі күн бойы отандық және 17 шет мемлекеттен келген кәсіби сарапшылар өз тәжірибесімен бөлісті. Әлемдік білім беру саласындағы озық технологиялар мен келелі мәселелер талқыланды.
27 Қазан