Жаңалықтар

Нұр-Султан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Назарбаев Зияткерлік мектептерінің түлектерміен кездесті

Нұр-Султан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Назарбаев Зияткерлік мектептерінің түлектерміен кездесті, – бұл туралы елорда басшысы өзінің инстаграмдағы парақшасына жариялады.
28 Қазан

Мұғалім – мамандық атаулының төресі

Елордада Қазақстанның ең үздік педагогтарының басын қосқан «Мектеп әлемін өзгертетін ұстаздар» атты XI халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция мәресіне жетті. Екі күн бойы отандық және 17 шет мемлекеттен келген кәсіби сарапшылар өз тәжірибесімен бөлісті. Әлемдік білім беру саласындағы озық технологиялар мен келелі мәселелер талқыланды.
27 Қазан

Жаңа жұмыс бағыты айқындалды

Білім беру үрдісінде мұғалім мен оқушы қарым-қатынасының маңызы зор. Бұл тақырып Утрехт университетінің құрметті білім беру профессоры Тео Вуббельстің қатысуымен өткен семинарда қамтылды. Нидерландтық ғалым тыңдаушыларына терең мазмұнды мәлімет бере білді.
26 Қазан

ЮНЕСКО Зияткерлік мектептерге «WENHUI» 2019 сыйақысын табыстады

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында Зияткерлік мектептерге ерекше сый жасалды. Халықаралық ЮНЕСКО ұйымының Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстанның Алматыдағы кластерлік бюросының білім бөлімінің жетекшісі Лина Бенете пленарлық отырыста «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрайымы Күләш Шамшидиноваға беделді «Wenhui Award 2019» сыйақысының сертификатын табыс етті.
26 Қазан

Виктория Шиманская: «Эмоциямен берілген білім – ұмытылмайды»

«Мектеп мұғалімдеріне арналған эмоциялық зиятты дамыту». Психология ғылымдарының докторы, Эмоциялық зияттың ресейлік заманауи моделін құрушы Виктория Шиманская халықаралық конференция аясында өткізген шеберлік сағаты осы тақырыпқа арналды. Спикер оқушылардың ішкі көңіл-күйін реттеп, дұрыс бағыт беру жолдарымен бөлісті.
25 Қазан