Жаңалықтар

Microsoft-тан DigiGirlz үшін сабақтар

Астана Халықаралық мектебінде Қазақстандағы бірінші екі апталық DigiGirlz High Tech Camp атты білім беру бағдарламасы өтті. Бағдарламаның мақсаты – орта және жоғары сынып оқушыларына IT, технология және даму саласындағы мансаптық мүмкіндіктер туралы тереңірек білуге, сондай-ақ олардың STEM бағытындағы (жаратылыстану ғылымдары, технологиялар, инженерлік пәндер және математика) әлеуетін арттыру.
03 Маусым

Жаңа ашылулар. Жаңа технологиялар. Жаңа білім. Жаңа мектеп. Бұл мектепте ХХІ ғасырдың мұғалімі.

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Жастар жылы аясында ұйымдастырылған жас мұғалімдер форумы өтті. Ұстаздардың мәртебесін көтеруге бағытталған шараға Алматы облысының түпкір-түпкірінен 250 жас маман келіп қатысты. Зияткерлік мектеп мұғалімдері өз әріптестерімен оқытудың ең тиімді әдістерімен бөлісті.
31 Мамыр

НЗМ үш бірдей оқушысына «Жас өркен» табысталды

Халықтық дауыс беру қорытындысына сәйкес Қызылордадағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары «Жас өркен» республикалық балалар сыйлығының Лауреаты атанды.
29 Мамыр

NIS – ЭЫДҰ: келешектің білімі бүгіннен басталады

ЭЫДҰ ресми сайтында Назарбаев Зияткерлік мектептері мұғалімдері мен оқушыларының қатысуымен бейнероликтер жарияланды.
29 Мамыр

«Technovation challenge» байқауында Алматылық Зияткерлер жартылай финалға жолдама алды

Нұр-Сұлтанда өткен халықаралық «Technovation challenge» байқауының аймақтық кезеңінде Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектеп оқушыларының командасы жартылай финалға жолдама алды.
28 Мамыр