Назарбаев Зияткерлік мектептерінің отыздан астам өкілі Амстердамда (Нидерланд) өткен қыркүйектік WALS конференциясының мінберінде сөйледі. Бүкіләлемдік зерттеу сабақтары ассоциасының (WALS) дәстүрлі конференциясының биылғы саны «оқыту мен оқуға арналған тұрақты педагогика құру» тақырыбына арналды. WALS 2019-дың биылғы ұйымдастырушылары – Нидерландтың мектеп мұғалімдерін дайындайтын жетекші үш оқу ордасы саналатын Амстердам, Гронинген және Утрехт университеттері.
11 Қырқүйек