Жаңалықтар

Қазақстандық IB мұғалімдерінің STEM жобалары еуропалықтарды тәнті етті


Португалия мемлекетінің Кашкайш қаласында «Болашаққа арналған дағдылар» атты білім фестивалі өтті. Ең ауқымды шаралардың бірі саналатын кездесуде әлемнің 36 мектебінен жиналған 450-ден астам мұғалім өздерінің жаратылыстану ғылымдары саласындағы инновациялық жобаларын ұсынды.

Қазақстан мұғалімдерінің құрамасы «Ғылымды оқытуда тұрақты даму», «Сандық сауаттылық және ғылымды оқыту», «Қолжетімжі және «қайта өңделген» ғылым», «Ерте жастан ғылымға баулу» санаттары бойынша  STEM жобалар ұсынды. Аталған тақырыптар еуропалық педагогтардың зор қызығушылығын тудырды.

Қазылар алқасының шешімімен астаналық Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері Серік Мұқановтың  пен Қымбат Дүйсенбаеваның «Air Garden» жобасы «Highly Commended Award» номинациясында үздік деп танылды.  

Авторлардың айтуынша жоба биология, химия, физика, робототехника, құрастыру, дизайн пәндерін біріктіре оқыту тәсілдерін көрсетеді. Мұғалімдер өз жұмысында Lego EV3 микрокомпьютері мен түрлі заттардан жасалған автоматтандырылған автопондық қондырғының көмегімен өсімдіктерді тігінен өсіру процессін көрсеткен.

Жоба авторлары автоматтандырылған модель – ғылым мен техникалық пәндерді біріктіре оқытудың көрнекі құралы екеніне сенімді.

 

 

 



Қаралым: 83
Жарияланған: 15 Қараша