Жаңалықтар

Ақтөбедегі NIS оқушысы Санжар Хамит – олимпиаданың 160 қатысушысы арасында үздік атанды


 Ақтөбе қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушысы 10-нан астам елдің командалары қатысқан Анталиядағы халықаралық пән олимпиадасының жеңімпазы атанды.

Санжар Хамит география пәнінен І орын, ағылшын тілінен ІІІ орын иеленді. Жас зияткер мұғалімдердің қолдауымен халықаралық деңгейге көтерілгенін мойындайды:

 

– Мен ол кездегі жетінші сыныптың оқушысы Санжардың ағылшын тілін жетік білетінін байқаған кезде, оны мектеп олимпиадасына дайындалуға шақырдым, бірінші орынға ие болды, жетістіктері солай басталды, – деді Зияткерлік мектептің ағылшын тілі мұғалімі Жанна Бакиршинова.

 

География пәнінен олимпиада екі бөлімнен тұрды – тестілеу және пән мен туризм бойынша практикалық кезең. Санжар география олимпиадасының 160 қатысушысының ішінен оза шапты.

 

– Олимпиадалардың арқасында өзін-өзі дамытуға деген қызығушылық пайда болды, Анталиядағы жеңістен кейін мен өзімді әртүрлі бағытта сынап көргенім бекер емес екенін түсіндім. Енді жаңа белестерді бағындыруға тырысамын, – деді тоғызыншы сынып оқушысы.

 

Олимпиадаға жалпы білім беретін мектептердің бастауыш, орта және жоғарғы сынып оқушылары, Түркиядан, Ресей Федерациясынан және басқа ТМД елдерінен келген орта кәсіптік білім беру орындарының студенттері қатысады.

 

Бұған дейін Санжар мектеп олимпиадаларында жүлделі орындарға ие болған, «Go Global» Олимпиадасына қатысқан, сонымен қатар елтану бойынша «Go West» IX Халықаралық олимпиадасының ІІІ орын иегері.

 



Қаралым: 76
Жарияланған: 11 Қараша