Жаңалықтар

NIS кәдесыйлары SILENT AUCTION-да сұранысқа ие


«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ өкілдері IASL халықаралық конференциясында өздерін сәтті таныстырып өтті. Аға педагог-кітапханашы Ольга Саламахинаның (Көкшетау қ.) және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мәслихат Замирбектің (Қостанай қ.) баяндамалары NIS кітапханалары заманауи мектептегі ақпараттық және білім беру кеңістігі ретінде деген тақырыбына арналды. Қазақстандық кітапханашылардың «Reading Man», «Сүйікті алғашқы парақ» және "Сұрақ құрідеті" түріндегі біріктірілген тәжірибелік жұмысы шетелдік әріптестердің ерекше қызығушылығын тудырды.

Дәстүр бойынша IASL күз мезгілінде (мектеп кітапханаларының Халықаралық ассоциациясы) кәсіби қызметтің ең өзекті басымдықтары бойынша басты форумды өткізеді, биылғы конференция тақырыбы «Қозғалу – Жақсару – Трансформация» деп аталды.

Делегаттар заманауи мектеп кітапханаларының жаңа мүмкіндіктерін және жұмыстың инновациялық әдістерін енгізуді, шетелдік әріптестермен әріптестік қарым-қатынасты құруды талдады. Олар өз жетістіктерін түрлі форматтарда көрсетті: зерттеу жұмысы, кәсіби мақала, семинар-тренинг. Көрме дәлізінде кітапханашыларға әлемдік баспалардың жаңалықтарымен танысуға және танымал авторлармен кездесуге мүмкіндік берілді.

IASL дәстүр бойынша аймақтық мектеп кітапханалары үшін қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Әлемнің түкпір-түкпірінен делегаттар ұлттық балалар әдебиетінің ең үздік басылымдарын ағылшын тілінде алып келді, енді Дубровник кітапханасынан қазақстандық кітаптарды да кездестіруге болады. Сондай-ақ конференция аясында Silent auction қайырымдылық аукционы өтті, оның барлық қаражаты көмекке мұқтаж мектеп кітапханаларын қолдауға жұмсалады. Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушыларының қолымен жасалған кәдесыйлар үлкен сұранысқа ие болды.



Қаралым: 33
Жарияланған: 06 Қараша